» » Канадалық компания жұмыс уақытында серуендейтін қызметкерлеріне ақы төлейді

Канадалық компания жұмыс уақытында серуендейтін қызметкерлеріне ақы төлейді


Бұл тәжірибе әсіресе пандемия кезінде, яғни адам денсаулығы бірінші орынға шыққанда өте пайдалы.


ERNUR.KZ. Канаданың қыстық киімдер тігетін Canada Goose компаниясы қызметкерлеріне аптасына бір рет бір сағат таза ауада серуендеп, жаттығу жасауға мүмкіндік береді. Бұл уақыт төленеді, деп хабарлайды Хабар24.

«Таза ауада өткізілген уақыт адамның психикалық денсаулығына, қан қысымының қалпына келуіне, күйзелістен арылып, көңіл-күйдің жақсаруына әсер ететіні ғылыми дәлелденген», - дейді ұйымның маркетинг жөніндегі директоры Пенни Брук.

Бруктің сөзінше, бұл тәжірибе әсіресе пандемия кезінде, яғни адам денсаулығы бірінші орынға шыққанда өте пайдалы. Ол компания қызметкерінің серуендеуге жұмсаған бір сағат уақыты жұмыс уақыты секілді есептелетінін айтты.


15 қазан 2020 ж. 356 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 645

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31