» » Kaspi.kz сервисінің жұмысы қалпына келтірілді

Kaspi.kz сервисінің жұмысы қалпына келтірілді

Банк қазақстандықтарға қолдау білдіргені үшін өз ризашылығын жеткізді.


ERNUR.KZ. Kaspi.kz сервисінің жұмысы қалпына келтірілді, деп жазады zakon.kz.

- Kaspi.kz қосымшасындағы барлық қызметтер жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін біз шын жүректен кешірім сұраймыз және сүйікті клиенттерімізге: "Қолдау білдіргендері үшін рахмет!". 29 қазан мен 4 қараша аралығында Kaspi Gold және Kaspi Red арқылы Kaspi QR арқылы төлем жасаған кезде біз әр сатып алу үшін 5 пайыздық бонустар сыйлаймыз. Жөн-жосықсыз адамдардың жалған хабарламаларына назар аудармаңыздар. Біз әрдайым сүйікті клиенттерімізді әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларымыз арқылы болған жағдайлар туралы шынайы ақпараттан құлақтандырып отыратын боламыз, делінген банктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

28 қазанда таңертең қазақстандықтар банкке кибершабуыл жасалып, үлкен ақша ұрланды деген хабарлама алып, дүрлікті. Оған қоса кейбір азаматтар Kaspi.kz қосымшасы арқылы шотынан ақшасын таппай қалса, ал кейбіреуі түсініксіз түрде ақша үстемеленгенін анықтады. Банк хабарлама дерегін жоқққа шығарды, техникалық ақау болғанын, клиенттердің ақшасы өз орнына түсетінін айтып сендірді.


28 қазан 2020 ж. 353 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930