» » Гүлшара Әбдіхалықова: Үнемделген қаржы басқа мектеп құрылысына жұмсалды

Гүлшара Әбдіхалықова: Үнемделген қаржы басқа мектеп құрылысына жұмсалды

Елордада Сыр өңірінің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы» тақырыбында брифинг өткізген облыс әкімі Гүлшара Әбдіхалықова «Жаңақорған ауданындағы жаңа мектепті салуға 2,5 млрд теңге қаржы бөлінген, бір мектеп салуға бұл қаражат көп емес пе?» деген сауалға жауап берді.

«Жыл басында Жаңақорған ауданында мектеп салуға республикалық бюджеттен 2,5 млрд теңге бөлінген екен. Мен жұмысқа кіріскеннен кейін бұл мәселені қайта қарап, қаржыны 600 млн теңгеге азайттық. Бұл білім ордасы 2 апатты мектептің орнына салынуда. Мектепте 900 бала екі ауысым бойынша білім алатын болады. Ал үнемделген қаражат осы аудан орталығынан 300 орындық мектеп салуға жұмсалды. Қазіргі таңда бұл білім ордасы да салынуда, келесі жылы құрылысы жалғасатын болады», – деді Гүлшара Әбдіхалықова.  

kyzylorda-news.kz

23 қараша 2020 ж. 181 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930