» » Коронавирусты 80-100 пайызға дейін жоятын шырындар анықталды

Коронавирусты 80-100 пайызға дейін жоятын шырындар анықталды

Ульм Университетінің Медициналық орталығының молекулалық вирусология институтының бір топ ғалымдары кейбір табиғи шырындар коронавирус бөлшектерін жоюға қабілетті екенін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Ғалымдар бұл тұжырымды эксперименталды түрде дәлелдеді.

Тәжірибелер барысында зерттеушілер табиғи шырындарды бөлме температурасында вирустармен араластырып, салдарын байқады. Кәдімгі қара қарақат шырыны CОVІD-19-ды өлтіреді. Ол бес минут ішінде коронавирустың 97%-ын жояды. Анар шырыны вирусқа қарсы күшті әсерге ие - CОVІD-19 қоздырғыштарының 80%-ын жояды.

Коронавирусты басқа да табиғи шырындар, сондай-ақ жасыл шай айтарлықтай әлсіретеді. Ғалымдар қышқыл орта мен өсімдік полифенолдары вирусқа зиянды әсер етеді деп санайды. Мамандар ауыз қуысындағы ауру қоздырғыштарын жою үшін күніне бірнеше рет осы шырындармен және шаймен шаюға кеңес береді.

BioRxiv журналында жарияланған зерттеу нәтижелері бойынша: "бастапқы инфекцияның алдын алу немесе инфекция кезінде вирустық жүктемені азайту симптомдарды жеңілдетеді, төменгі тыныс жолдарының таралуына немесе басқа адамға берілуіне мүмкіндік бермейді".
30 қараша 2020 ж. 213 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930