» » Елі ұлықтаған Елбасы

Елі ұлықтаған Елбасы

Бүгін – ҚР Тұңғыш Президенті күні. Егемен елдің кемеңгер басшысы болған Нұрсұлтан Назарбаевты көреген саясаткер ретінде барша қазақстандықтар ғана емес, төрткүл дүние таниды. Қазақстанда Тұңғыш Президент күнінің мемлекеттік мереке ретінде ресми түрде тойлана бастағанына биыл – 8 жыл. 1991 жылдың ­
1 желтоқсанында Қазақстан алғаш рет бүкілхалықтық президент сайлауын өткізе отырып, президенттік басқару институтына аяқ басты. Арада 20 жыл өткен соң, 2011 жылдың желтоқсанында парламент депутаттары “бұл датаға ресми астар беру керек” деген бастама көтерді.

Осылайша, 2011 жылдың желтоқса­нында парламенттің жалпы отырысында "Қа­зақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға енгізілген өзгеріс қабылданды. Президент тиісті құжатқа қол қойған соң, 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бері бұл күн мемлекеттік мереке деңгейінде тойланып келеді. Бұл мерекенің маңызына тоқталсақ, біріншіден, Тұңғыш Президент күнін халық бір күнгі демалыс деп асыға күтетін болды. Бұл мерекенің қоғамға әкелген екінші жаңалығы – жаңа атрибуттар мен жаңа туындылар. Қазір Астана мен Алматы сияқты мегаполистер ғана емес, алыс-жақын аудандар мен қалалар да осы мерекеге орай бірнеше күн бұрын атрибутын сайлай бастайды. Басты атрибут – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назар­баевтың портреті, Елбасының на­қыл сөз­дері жазылған билбордтар, кө­ше­дегі мерекелік құттықтаулар. Ал осы атри­бут­­тарды мерекелік концерт, Елбасына ар­налған шығармалардың тұсаукесерлері, па­триоттық ән-жыр кештері, тарихи кино­туын­­­дылар толықтырып отыратын дәстүр қалыптасты. Мемлекеттік және басқа да телеарналар бұл күнгі кестесін түгелдей осы мерекенің тарихына, мән-мазмұны мен маңызына арнайды.
Соңғы бірнеше жылда 1 желтоқсан күні дүниеге келген ұл балаларға Нұрсұлтан есімі беріліп келеді. Елбасының атын көп кездестіруге болатын қалалар арасында Астана көш бастап тұр. Онда "Назарбаев университеті", Назарбаев атындағы мәдени орталық, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы, "Нұрсұлтан Назарбаев" атындағы ха­лық­ара­лық әуежай бар. Ең маңыздысы, 2019 жылы 23 наурызда Мемлекет бас­шысы Қазақстан Республикасының ас­танасы – Астана қаласын Қазақстан Рес­публи­ка­сы­ның астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы Жарлыққа қол қойды. Осылайша, еліміздің бас қаласының аты да Нұр-Сұлтан болып өзгерді. Айта кетейік, Иорданиядағы Амман қаласында, Шешенстандағы Грозный қаласында, Түр­кияның бір емес, бірнеше қаласында, Та­тарстан астанасы – Қазан қаласында Нұрсұлтан Назарбаев атындағы көшелер бұ­рыннан бар болып шықты.
Сыр халқының Елбасына деген құрметі шексіз. Еліміздің қол жеткізген әрбір же­тістігі мен шыққан биігі – Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегінің жемісі. Қазір Қазақстанды әлем танып мойындайды. Ел­ордамыз Астананың Нұр-Сұлтан деп өз­геруі, қаламыздың бас көшесі Жібек Жолы даң­ғылына Нұрсұлтан Назарбаев есімінің берілуі – халықтың Тұңғыш Президентке деген зор ықыласы мен құрметінің жемісі.

Гауһар ҚОЖАХМЕТОВА
01 желтоқсан 2020 ж. 244 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930