Қазақстанда ең алғаш рет тікұшақ құрастырылды
Қазақстанда құрастырылған тікұшақтардың бірінші партиясы тапсырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
2020 жылғы 12 желтоқсанда Алматы қаласында «№ 405 авиажөндеу зауыты» АҚ кәсіпорнында жасалған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мұқтаждықтары үшін Ми-8АМТ тікұшақтарының бірінші партиясын салтанатты тапсыру өтті.
Тікұшақтарды жинау жөніндегі осы жоба Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Ресей Федерациясының Президенті В. В. Путиннің мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша 2015 жылы берген тапсырмасына сәйкес іске асырылды.
Іс-шараға «Вертолеты России» АҚ және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының басшылығы қатысты.
Ми-8АМТ-көп мақсатты тікұшақ - әлемдегі ең танымал екі қозғалтқышты тікұшақ. Көптеген азаматтық және әскери міндеттерді орындау үшін 50-ден астам елде кеңінен қолданылады.