» » Нұр-Сұлтан әкімі мұғалімдерге пәтер берілетінін мәлімдеді

Нұр-Сұлтан әкімі мұғалімдерге пәтер берілетінін мәлімдеді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордалық мұғалімдерді әлеуметтік қолдау туралы cөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Әкімнің сөзіне қарғанда, жыл сайын мұғалімдердің жалақысы 25%-ға өседі. Сондай-ақ, педагогтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін шаралар қабылдануда.

"Тұрғын үй сертификаттары тегін беріледі. Қазақстан ипотека компаниясымен бірлесіп, бір мың әлеуметтік пәтер тапсырамыз. Оларды алушылар қатарында білім саласының мамандары да бар. 2019 жылы мұғалімдерге жатақхана салып бердік", - деп жазды Instagram парақшасында Көлгінов.
Алтай Көлгінов білім беру саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мүмкіндіктерін де атап өтті.

"Мұғалімдердің біліктілігін арттырумен айналысу қажет. Ондаған мектеп салуға болады, бірақ балаларды қабырға емес, өзіміздің педагогтер оқытады. Біліктілікті арттырып, тәжірибе алмасу үшін семинарлар, шеберлік сабақтарын өткіземіз.

Кембридж университетімен бірлесіп, бес мектепте "Share" бағдарламасын іске қостық. Мұғалімдер бұл бағдарлама бойынша шетелде де жаңа қажетті біліммен сусындауға мүмкіндік алды. Бағдарламаны келесі жылы да жалғастырамыз", - деді ол.

Еске сала кетейік, елорда әкімшілігі бес жыл ішінде 50 жаңа мемлекеттік мектеп салуды жоспарлап отыр.

stan.kz
23 желтоқсан 2020 ж. 210 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 723

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031