» » Ұшаққа неге найзағай түспейді?

Ұшаққа неге найзағай түспейді?

Ұшаққа найзағай түспейді емес, түседі. Бірақ ұшақтың өзіне не қаңқасына еш зиянын тигізбейді. Алып апатқа ұшырамайды. Мұндай апат осыдан 20 жыл бұрын 2000 жылы Қытайда болған. Содан бері ұшақтың қаңқасы түзетуден өткізіліп, найзағайдан тиімді қорғанудың тәсілдері қолданылды.
Көбіне найзағай ұшаққа бұлт арасымен – электр тоғымен зарядталып тұрған бұлтқа жолығып қалғанда түседі. Ұшақ екі бұлттың немесе бұлт пен жердің арасындағы электрдің зарядталып өтуіне өткел болады. Найзағай алдымен ұшақтың қанаты не тұмсығы сынды сүйір бұрышына келіп түседі де, ұшақ аппаратының сыртымен «сырғып» басқа сүйір жерінен (мәселен, құйрығынан) «шығып» кетеді.
Ұшақтың найзағай жанасқан жері жарқ етеді: өйткені ауа молекуласы иондалып ұшқын шығарады.
Ұшақтың корпусы алюминийден жасалады. Алюминий электр тоғын жақсы өткізеді. Ал ұшақтың басқа бөліктері – фюзеляжы алюминиймен араластырылған электр зарядын өткізе алатын композитті металдармен қорытылып құрастырылады. Композитті металдар зарядталған электр бөлшектерін мүлт жібермей оңай өткізеді.
Ал найзағай түскен ұшақ бөлігінде аздаған қара дақ пен із, күйік қалады. Ондай дақ пен күйік 1 миллиметрден аспайды.
Ұшақтың сырты қалың металмен қапталады. Сондықтан найзағай ұшақтың жалпы күйіне зиян келтірмейді.
Оның үстіне ұшақта алды-артына найзағай өткізгіш, жиналып қалған статикалық күшті босатып жіберетін арнайы бөлшектер болады. Олар да найзағайды ұшақ бойымен өткізіп жіберуге көмектеседі.
Massaget.kz
26 желтоқсан 2020 ж. 460 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930