» » ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ ТЕРГЕН

ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ ТЕРГЕН

Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы жарияланды. Ел мүддесін көздейтін басшының қатпар-қатпар тарихтың том-том беттерін ақтарып, қазақтың басына қонған тәуелсіздік деген бақтың қалай келгенін, жас мемлекетіміздің басынан кешкендерін тізбектеп айтуы ұрпақ жадында мәңгілік жаңғырсын дегені деп білемін.

Әсіресе мақаланың «таным мен тағылым» бөлімінде жас ұрпақтың тарихи санасы айқын әрі берік болуы керектігін айтты. Президент туындысында «Бұл ретте, ауқымды көрмелермен немесе басқа да үлкен жобалармен әуестенбей, балаларға, жастарға арналған қарапайым әрі қабылдауға жеңіл туындыларға баса мән берген жөн. Мысалы, деректі және көркем фильмдерді алайық. Осы бағытта «Алмас қылыш», «Жау жүрек мың бала», «Томирис», «Кейкі батыр», «Тар заман» сияқты тарихи фильмдер түсірілді. Бірақ бұл әлі жеткіліксіз.
Мен құзырлы органдар мен отандық телеарналарға мемлекеттік тапсырыстың белгілі бір бөлігін міндетті түрде тарихи тақырыптарға бағыттауды тапсырамын» деді. Мен ұстаз ретінде осы мәселені қолға алуды ұрпақ үшін ұтымды шешім деп ойлаймын. Өйткені балалардың текті тұлға болуы, қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасуы бала кезінен берілген тәрбиенің өзектілігіне байланысты. Жастайынан пайдалы, дұрыс бағыттағы ақпараттармен сусындаса, тарихи фильмдерді көріп, ата-баба тарихынан қол үзбесе мұндай жастарды ертеңгі күні қазақ тарихын санасынан өшірмейтін, құрметтейтін жеке тұлға ретінде көре аламыз. Ең бастысы тарихын білмеген төрге озбайтынын есте сақтауымыз керек.

Гүлдана ЕРМАХАНОВА,
Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицей мұғалімі  
05 қаңтар 2021 ж. 788 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 723

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031