Жаратылыстың жаңаруы
Дүние дыбыстан (яки сөзден) басталып, дыбыстан аяқталады дейді. Бұл – діни сенім. Құранда солай айтылған. Илану, иланбау өз еркіңізде. Бірақ дүниенің дыбыстан басталатынын Жаратушы әр пенде баласының шар етіп дүниеге келуімен дәлелдеп қойған. Ана құрсағында тоғыз ай, тоғыз күн үнсіз жатып, қараңғы әлемнен шығып, жарық әлемнің есігін ашқанда шақалақтың неге іңгәләп шырқырайтыны әлі күнге ғылымға белгісіз болып келеді. Қараңғы қапастан босап, жарықты көргеніне қуанып жылайды немесе жарықтан қорқып жылайды. Бірақ маңыздысы оның жылағаны емес, адам баласының дүниеге үнсіз ғана келе салмай, дауыстап келуі.
Адамзат – ғаламның шаңның тозаңындай ғана бір бөлшегі. Яғни тірі жаратылыс. Ал әрбір жаратылыстың бастауы дыбыстан тұрады. Тіпті жан-жануарды айтпағанда, терең теңіздің түбіндегі тек үлкейткіш құрылғылар арқылы көре алатын планктон дернәсілдерінің өзі жетіліп, жұмыртқаларын жарып шыққанда дыбыс шығаратын көрінеді. Бірақ біз оны ести алмаймыз. Ол дыбысты ғалымдар арнайы аппараттар арқылы жан жағына тарайтын тербеліс толқындардан анықтаған. Көзге көрінбейтіні болмаса, олар да жаратылыс, тірі ағза.
Қандай да бір жаңа жаратылыс пайда болғанда олар өзіне тән дыбыс шығарады екен. Олардың не үшін дыбыстайтыны адамзат үшін әлі беймәлім. Құдай сөйтіп жаратқан. Демек, оның жұмбағын да Құдайдан басқа ешкім білмейді деген сөз. Әсілінде қандай да бір тіршілік иесі жоқтан бар болғанда оның тұла бойынан бізге естілетін және естілмейтін түрлі дыбыстардың бөлініп шығуы ол жарық әлемнен қорыққаны емес, өмірге деген іңкәрлігі болса керек. Өйткені Құдай тағала оны жаратпас бұрын оның әлі пайда болмаған болмыстық жадына жарық әлемнің соншалықты ғажап, сұлу, мөлдір екенін жазып қоятын шығар.
Тіршіліктің төрт мезгілінде де өмір бар, қозғалыс бар. Бірақ соның ішінде көктемге басқаша қараймыз. Үміт, жылу, шуақ күтеміз. Өйткені көктем – барша өмірдің бастауы, тіршіліктің анасы. Қараңызшы, дүние қыс бойы аппақ қардан көрпе жамылып алып, мүлгіп жатады. Осы өлі тыныштықта адамдар да көк жүзіне қарамайды. Өйткені күн көзінде жаныңды ерітетін жылу, шуақ болмайды. Ал көктем туып, қыстың көрпесін түргенде қыстай қабағы қабарып, түрі түнеріп тұрған Күннің көзі де жылт ете қалады. Міне, осы кезден бастап дүние тіріліп, дыбыстай бастайды. Күн күркірейді, жаңбыр жауады. Табиғаттың бұл құбылыстары да дыбыстан құралады. Мәселен, қыста жаңбыр жаумайды, қар жауады. Қар жерге қалықтап дыбыссыз қонады. Ал жаңбыр дыбыстап, тіпті әуендетіп жауады. Оған күннің күркірі мен шатырлаған найзағайды қосыңыз. Міне, көрдіңіз бе, көктем келіп, тіршілік жаңарғанда дүние дыбыс шығарады. Демек, тіршіліктің жаңарғанына, жаңа өмірдің басталғанына аспан мен жер арасы түгел қуанып, ғаламға жаңғырта жар салады.
Адамзат баласы да жаңаруға, жаңғыруға, жасаруға құмар. Біздің әр көктемді асыға күтуіміздің түпкі себебі де сол шығар. Әсіресе осы көктем айындағы Наурыз мерекесі – күллі мұсылман халқының күтетін күні. Күн мен түннің теңеліп, жұмыр жердің бауыры бусанғанда ата-бабамыздың бозала таңнан тұрып, ағашқа ақ құйып жан беріп, көшет егуінде үлкен мән жатыр. Жерге тамыр байлап, бұтағынан бүр жаратын жас шыбық та тіршіліктің бастауы және сол ағаш та кейін басынан күзін өткізіп, қайта тірірлер көктемін адамдармен бірге күтеді. Адамдар осылайша табиғаттан өзіне тілекші жасап алған. Көктем шығып, күн жылт еткенде қырда азан-қазан болып дыбыстаған түліктер және барша жан-жануарлармен бірге сол ағаштар да қуаныштан айқайлайтын шығар, бәлкім. Бірақ біз оның ішкі әлемін ести алмаймыз ғой.
Биыл қыс аяғы созылды. Наурыздың ортасынан ауа қар түсті. Бірақ бәрібір қар астында көктем жатыр. Былтыр осындай уақытта есік алдында ойнап жүрген кішкентай балаларым үйдің күн шуақ бетіндегі іргеден қаулап шығып келе жатқан көкті көріп алақайлап қуанды. Жай қуанған жоқ, дәл сол кезде олардың да кеудесінде бір жас көктем өмір есігін ашқан еді. Ол да – дыбыс. Дүние дыбыстан басталады...

Қуат АДИС