«Аудан тұрғындарынан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды өтемді түрде қабылдау ережесі»

1) автоматты ойық ұңғылы атыс қаруының әр бірлігі үшін бір жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін,
2) ойық ұзын ұңғылы атыс қаруының (винтовкалар, карабиндер) әр бірлігі үшін елу еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін,
3) қысқа ойықты ұңғылар атыс қаруының (пистолеттер, револьверлер) әр бірлігі үшін қырық еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін,
4) тегіс ұңғылы атыс қаруының әр бірлігі үшін отыз еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін,
5) жарақат салатын тапаншаның немесе револьвердің әр бірлігі үшін он еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін,
6) әрбір граната, мина, жару құрылғысы және артиллериялық снаряд үшін жеті еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін,
7) жарылғыш заттардың әрбір 1000 грамы үшін алты еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін,
8) ойық қару патрондарының әр бірлігі үшін айлық есептік көрсеткіштің жиырма төрттен бір бөлігіне дейін,
Сый ақы сараптама қорытындысымен үш санатта төлендеді, ол дегеніміз 1-санатқа жатқызылған қаруға ұсынылған құн мөлшерінің 100 пайызы, 2-санатқа жатқызылған қаруға ұсынылған құн мөлшерінің 70 пайызы, ал егер жоғарыда көрсетілген қарулар пайдалануға жарамсыз болған жағдайда 3-санат ұсынылатын құнының 30 пайызы мөлшерінде сыйақы беріледі.
Акция барысында атыс қаруы, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсырған азаматтар, егер бұрын аталған атыс қаруы қандайда бір қылмысқа қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.
Акцияға қатысты қосымша мәліметтерді Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесі азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобынан алуға болады (Тел: 21-1-50, 87071089696).
Жалағаш АПб-нің ӘПб-нің АжҚҚАБт-ң инспекторы
полиция сержанты ұлы