» » ЖАРИЯ ТЫҢДАУ ӨТКІЗІЛДІ

ЖАРИЯ ТЫҢДАУ ӨТКІЗІЛДІ

Жуырда «Шиелі Жарығы» ЖШС-нің хабарламасын қарау кезінде жария тыңдау өткізілді. Оған депутаттар, жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және тұтынушылар қатысты.

Тыңдауда электр энергия тарифтерінің өзгеруінің негізгі себебі айтылды. Оның басты себебі осы жылдың 1 сәуірінен бастап энергия өндіруші станциялардағы электр энергиясы құнының 11 пайыздан 25 пайызға дейін артуы және жабдықтаушы үстемеақы мөлшерінің 1 кВт.сағатқа 0,60 теңгеден 1,0 теңгеге өсуі болып отыр. Осыған байланысты, «Шиелі Жарығы» ЖШС электрмен жабдықтау қызметінің бағасы қолданыстағы ҚҚС-мен 1 кВт.сағ 18,90 теңгенің орнына ҚҚС-мен 1 кВт.сағ 20,69 теңгені құрады. Алдағы уақытта тұрғындарға тариф жүктемесін азайту үшін барлық қажетті шаралар қабылданатын болады.

Жария тыңдаудың қорытындысы бойынша айтылған ескертпелер мен ұсыныстар ескеріле отырып, соңғы шешім 2021 жылдың 16 мамырында қабылданбақ.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи
монополияларды реттеу комитетінің 
Қызылорда облысы бойынша Департаменті
 
12 мамыр 2021 ж. 640 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930