» » Мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақылар бір мезгілде берілмек

Мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақылар бір мезгілде берілмек

«Заң жобасында мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыларды бір мезгілде алу құқығын беру көзделеді. Бұл асыраушысынан айырылған және құрамында мүгедекар балалары бар отбасылардың табыс деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», – деді С. Шәпкенов.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта мүгедектігі бар бала ата-аналары ажырасқан кезде бір мезгілде алименттер мен мүгедектігі бойынша жәрдемақы ала алады. Алайда, ата-анасының (асыраушы) бірі немесе екеуі де қайтыс болған жағдайда, бала тек мүгедектігі бойынша жәрдемақы немесе асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алады.
«Жәрдемақының екі түрін бір мезгілде тағайындау ата-анасынан айырылған балаларға қатысты кемсітетін норманы алып тастауға мүмкіндік береді. Осы норма енгізілген жағдайда 2 мыңнан астам бала мүгедектігі бойынша жәрдемақымен қатар (мөлшері 41 163 – тен 48 023 теңгеге дейін), асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыны ала алады (мөлшері 12 063-тен 29 500 теңгеге дейін)», – деп түсіндірді министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Құжатта мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасыларға бала кәмелеттік жасқа толғаннан кейін де тұрғын үй кезегінде тұру құқығын сақтау көзделеді.
I топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім көрсетушілерге жаңа жәрдемақы түрі енгізіледі.
26 мамыр 2021 ж. 300 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930