Қазақстандағы киіктердің саны 800 мыңнан асты
ҚР Экология министрлігі қабылдаған киіктердің популяциясын сақтау мен браконьерлікке қарсы іс-қимыл тиімділігі артты. Киіктер саны 2 жыл ішінде 2 есе өсті.
Бүгінгі таңда олардың саны саны 334 мыңнан 842 мыңға дейін жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Экология министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұрын хабарланғандай, киіктер саны соңғы рет 2019 жылы тіркелген. 2020 жылы коронавирус пандемиясына байланысты есеп жүргізілген жоқ. Жаңа деректер есепті қалпына келтіру нәтижесінде алынды. Қазақстанда киіктердің Бетпақдала, Орал және Үстірт секілді 3 популяциясы мекендейді. Бұл жануарлардың Дүниежүзілік популяциясының (Saiga tatarica tatarica) 90% – дан астамы біздің елімізге тиесілі. Айта кету керек, өткен жылдарда киіктер санының азаюына байланысты Үкімет олардың популяциясының жойылып кетуіне жол бермеу үшін кешенді шаралар қабылдауда.
Естеріңізге сала кетейік, киіктердің сақталуы олардың санының ХХ ғасырдың 90 жылдарының соңында 1 млн. – нан 2003 жылы 21 мың басқа дейін азаюы нәтижесінде проблемаға айналған. Бұл жануарлар санының азаюына түрлі аурулар мен браконьерлік негізгі себеп болды. Осыған орай 2005 жылы тұяқты жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлері мен киіктерді сақтау жөніндегі алғашқы бағдарлама қабылданды. Төлдеу, қыстау және көші-қон кезеңінде киіктер шоғырланатын негізгі жерлерде оларды қорғаудың тиімділігін арттыру үшін «Ырғыз-Торғай» (Ақтөбе облысы) және «Алтын дала» (Қостанай облысы) мемлекеттік табиғи резерваттары құрылды. Киіктерді заңсыз аулағаны үшін жауапкершілікті шараларын күшейту мақсатында 2012 жылы Үкімет қаулысымен киіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстанның бүкіл аумағында 2020 жылға дейін пайдалануға тыйым салынды.
Бұл мерзім кейінірек 2023 жылға дейін ұзартылды. 2019 жылы браконьерлік үшін 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға және мүлкін тәркілеуге дейінгі қатал жазаларды көздейтін заңнаманы қатаңдату бойынша шаралар қабылданды.
«Бұдан басқа, елімізде жыл сайын кең ауқымды «Ақбөкен» табиғатты қорғау акциясы өткізіледі. Оның шеңберінде Экология министрлігі мен құқық қорғау органдары төлдеу және лактация кезеңінде киіктерді қорғауды күшейту, сондай-ақ ел аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтардың жолын кесу бойынша бірлескен іс-шараларды жүзеге асырады»,-делінген хабарламада.