Емен ағашы туралы мәлімет
Ежелгі Грекияда, емен – ұзақ өмір сүрудің, ақыл-ой мен күш-қуаттың символы болған. Ерлік жасаған жауынгерлерді осы ағаштың бұтақтарымен марапаттаған. Сондықтан, Еуропа халықтары бұл ағашты қатты құрметтейді.
Оның 600 түрі бар, оны Солтүстік жарты шардың барлық аймақтарында кездестіруге болады. Бұл ағаштар жарықсүйгіш, суыққа төзімді, құрғақ және тұзды жерлерде өсе береді. Әдетте, 300-400 жыл өмір сүреді. Ғалымдар еменді ең ұзақ уақыт өмір сүретін өсімдіктердің қатарына жатқызады. Ең кәрі емен Германияда өседі, оның жасы – 1400 жыл. Ол биік емес, ұзындығы 25 метрден аспайды, бірақ ені ауқымды, шамамен 4 метрге дейін жетеді. Мықты болғанына қарамастан, әртүрлі бактериялар тудыратын инфекциялық ауруларға бейім. Ең қауіптісі – ақұнтак, ол еменді қысқа мерзімде өлтіруі мүмкін. Дегенмен, оны арнайы ерінділердің көмегімен жоюға болады.
Еменнің пайдасы
Оны адам өмірінің көптеген салаларында қолданады. Мысалы, еменнің сүрегі берік және қатты болғандықтан, бұл ағаштан кеме және суасты құрылыстарын жасайды, өйткені, ол шірімейді. Сонымен бірге, автокөлік, жиһаз және үй құрылысы кезінде де жиі пайдаланады. Емен қабығының емдік қасиеттері көп, оның құрамында таниндер, қант, крахмал, шырыш және көптеген табиғи антисептиктер бар. Қабығымен қатар, жапырақтары да пайдалы. Шай немесе қайнатпа түрінде диарея, гастрит, асқазан және бауыр ауруларын емдеу үшін қабылдайды. Дәрігерлер, тері бөртпелері немесе күйіп қалу кезінде, теріге жағуға кеңес береді. Емен қабығының қайнатпасы жүрек-тамыр жүйесіне жағымды әсер етеді. Сондай-ақ, тіс дәрігерлері де, бұл ағаштың емдік қасиеттерін жоғары бағалайды. Тіс еттері қабынған кезде, қайнатпамен ауызды шайып отырсаңыз, зиянды бактериялар жойылады екен.
Жәмила ЕРМАХАН,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда униврситетінің
ІІІ курс студенті
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда униврситетінің
ІІІ курс студенті