» » Алма мен алмұрттың артық салмақ тастауда пайдасы мол

Алма мен алмұрттың артық салмақ тастауда пайдасы мол

Британдық диетолог Лили Сауттер артық салмақпен күресте алма мен алмұрттың пайдасы туралы айтты. Маманның сөзін Brinkwirе келтіреді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазады.

Маман көкөністер мен жемістерді көп мөлшерде жеу арқылы артық салмақтан арылғысы келетін адам әлдеқайда аз калория тұтынған кезде, тоқтық сезімін сақтайды деп санайды. 

Сауттер алма мен алмұртты ең пайдалы жемістер қатарына қосады. Диетологтың айтуы бойынша, бір ғана алмұрт күнделікті талшықтың 20 пайызына дейін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, алмұрт антиоксиданттар мен пайдалы химиялық заттарға бай.

Сауттер бір алмада тек 77 калория болатынын, ал салмақ тастауда танымал дәнді дақылдардың құрамында 150 калория бар екенін еске салады. Ол алма мен алмұртты пайдалы тағамдар ретінде пайдалануды ұсынады. 

Оның пікірінше, бұл жемістер диетада өте маңызды рөл атқарады, өйткені олардың құрамында көптеген талшықтар бар және ол талшықтар қандағы глюкоза деңгейінің қалыпқа келуіне ықпал етеді. Осының арқасында салмақ тастап жүрген адам өзін тоқ сезінеді осылайша оның тәттілерге аңсары аумайды.

Сонымен қатар, Сауттер алмұртты қабығымен бірге жеуге кеңес берді, өйткені олардың құрамында антиоксиданттар мөлшері жоғары болатын көрінеді.  
21 шілде 2021 ж. 437 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930