» » Шілденің соңғы күндері елімізде 41 градусқа дейін аптап ыстық күтілуде

Шілденің соңғы күндері елімізде 41 градусқа дейін аптап ыстық күтілуде

"Қазгидромет" РМК өкілдері 29-31 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің болжамына сәйкес, алдағы күндері еліміздің бірқатар өңірінде ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі.

Мәселен күндіз батыста, солтүстік-батыста 25-41, солтүстік пен шығыста 23-33, орталықта 25-37 градус ыстық болады деп болжап отыр мамандар. Одан бөлек, елімізде шілде айының соңында аптап ыстықтан бөлек қатты жаңбыр болуы мүмкін. "Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай күтіледі. 30-31 шілдеде шығыста, 31 шілдеде оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі", - дейді синоптиктер. Еске салсақ, бұған дейін ғалымдар Жер бетінде жаңа рекордтық аптап ыстық болатынын айтып, дабыл қаққанын жазған едік.

Цюрихтің Жоғары техникалық мектебінің ғалымдары ауа райының әдеттен тыс ыстық кезеңдері парниктік газдардың бөлінуімен байланысты болуы мүмкін екенін анықтаған. Салдарынан әлемде аптап ыстық үдей түсуі ықтимал дейді ғалымдар. Олар газ шығарындылары неғұрлым жоғарылаған сайын аптап ыстық ұлғая беретінін ескертті. Зерттеушілер, сондай-ақ, Жердің он жыл ішінде 0,18 градусқа дейін жылынатынын болжады. "Алдағы онжылдықта қазіргі температуралық көрсеткіштерден әлдеқайда асып түсетін рекордтық аптап ыстыққа дайындалуымыз керек", - дейді зерттеуге қатысушы Эрик Фишер.
28 шілде 2021 ж. 150 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930