» » Коронавирус: Еліміздің неше өңірі "қызыл" аймақта

Коронавирус: Еліміздің неше өңірі "қызыл" аймақта

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті.

29 шілдедегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Алматы облысы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Қызылорда облысы, Маңғыстау облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Павлодар облысы және Солтүстік Қазақстан облысы "қызыл" аймақта тұр.

"Сары" аймақта Түркістан облысы орналасқан. Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 7479 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 557 107-ге жетіп отыр.

Еске сала кетейік, кеше денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баспасөз мәслихатында коронавируспен ауырғандардың барлығы дерлік вакцина алмағандар екенін атап өтті.
29 шілде 2021 ж. 514 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 125

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930