» » Стресті бірнеше минут ішінде жеңудің 5 қарапайым әдісі

Стресті бірнеше минут ішінде жеңудің 5 қарапайым әдісі


Стресс — ағзаның қиын жағдайға қайтаратын жауабы. Бұл кезде адамның миы бүкіл ағзаға өте көп мөлшерде гормон бөліп, нәтижесінде жүрек қатты соға бастайды.
Мұндайда не істеу керек?

1. Жұдырығыңызды түйіңіз
Стресс кезінде отырып-тұру немесе тіпті жүгірген жақсы. Ал егер кеңседе немесе көлікте стреске түссеңіз, онда оң жұдырығыңызды бірнеше рет қысыңыз. Бұл қарапайым жаттығу логика мен ойлауға жауап беретін мидың сол жақ жарты шарын белсендіреді. Оң жұдырықты қысу эмоцияларды өшіруге және логикалық ойлауды бастауға көмектеседі.

2. Терең демалыңыз
Терең тыныс алу мен дем шығару біздің жүйке жүйемізді белсендіреді, оған денеде бәрі реттелгені туралы сигнал береді. Дұрыс тыныс алуды хатхе-йогада үйретеді, бірақ егер уақытыңыз болмаса, мына қарапайым жаттығуды орындап көріңіз: баяу дем алыңыз, 5-ке дейін санаңыз. Деміңізді екіге дейін ұстап, алты дегенде жіберңіз.

3. Тетрис ойнаңыз
Егер сіз ренжіген болсаңыз және тұнжыраған күйде жүрсеңіз, телефондағы ойындарды немесе тетрис ойнап көріңіз. Бұл әдіс қарапайым естілгенмен, жұмыс істейді. Доптар немесе кез келген басқа аркада ойыны миды алаңдатады, зейінді жинауға және мидың жұмыс жадына жауап беретін бөлігін қосуға мәжбүр етеді. Дәл осы әрекет эмоционалдылықты төмендетуге көмектеседі және сіз өзіңізді жақсы сезінесіз.

4. Табиғат бейнеленген суреттерге қараңыз
Табиғаттың әдемі көріністеріне қарасақ, миымыз тынышталады. Табиғатқа шығып, оны көзбен көруге мүмкіндік болса, тіпті жақсы. Стресті жеңудің тағы бір әдісі осы.

5. Өзіңізге тапсырма беріңіз
Кез келген істі орындау сізді стрестен алшақтатады. Өзіңізге оңай емес, бірақ орындауға болатын нәрсені таңдаңыз. Ми стресс күйінен тапсырманы орындауға ауысады және стресс баяу қалпына келеді.
Маңызды сәт: жаңа стресті тудырмас үшін тапсырма тым күрделі болмауы керек. Мысалы, торт пісіру, терезелер жуу немесе гүлдерді басқа ыдысқа ауыстыру сияқты тапсырмаларды орындаған пайдалы. 
08 тамыз 2021 ж. 147 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930