» » Қызылордада бақшасына 15 келіден аса есірткі еккен тұрғын ұсталды

Қызылордада бақшасына 15 келіден аса есірткі еккен тұрғын ұсталды

Қызылорда облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2021» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында 53 жастағы қала тұрғынының сора өсімдігін еккенін анықтады.   
         
Оқиға орнын тексеру барысында күдікті өз үйінің ауласында 23 түп жасыл түсті өзіне тән ерекше иісі бар өсімдіктерді егіп-өсірген және жасыл түсті өсімдік тәріздес хош иісті затты сақтаған. Сонымен қатар оқиға орнынан өсімдік баптап өсіру үшін құралы яғни 15 метрлік шлангі заттай дәлелдеме ретінде тәркіленді.

Тағайындалған сот-сараптамасының қорытындысына сәйкес анықталған шөп – 23  түп салмағы 15 келіден аса сора өсімдігіне жататындығы белгілі болып, ал жасыл түсті өсімдік тәріздес заттыңсалмағы 329 грамм кептірілген марихуанна екендігі бекітілді. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігімен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру)сотқа дейінгітергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
16 тамыз 2021 ж. 332 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930