» » Болашаққа нық қадам жасалмақ

Болашаққа нық қадам жасалмақ

Мемлекет басшысы Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын жариялап, Қазақстанның алдағы даму стратегиясын айқындап берді. 

Шынында бұл Жолдау ел тәуелсіздігің 30 жылдығы қарсаңындағы халыққа қолдау көрсетіп, елдегі тұрақтылық пен экономикалық қуатымызды еселеуге бағдар беретін көшбасшы құжат болуымен құнды.  Елдегі пандемия кезіндегі ауыртпалыққа қарамай, тәубесіне тәу еткен егемен қазақ елі Президенттің сарабдал саясатымен өсіп-өркендеп келеді. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын енгізу аса маңызды қадам болды. Бұл – менің былтырғы Жолдауымда айтылған саяси реформаның негізгі мәселесі. Осы шешім ауыл халқының, яғни қазақстандықтардың 40 пайыздан астамының мүддесіне тікелей ықпал етеді. Біз дұрыс жолдамыз. 2024 жылы азаматтар пилоттық режімде аудан әкімдерін сайлау мүмкіндігіне ие болады.  Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін одан әрі жаңғыртудың маңызды факторы – азаматтық мәдениетті дамыту. Президент Әкімшілігі облыс әкімдіктерімен бірлесіп, ауылдық жерлердегі азаматтық бастамаларды қолдаудың тиімді тәсілдерін әзірлеуі керек.  Бұл ауылдық жердегі әлеуметтік белсенділікке тың серпін береді» деді.

Биылғы ауыл әкімдерінің сайлауы шынында Президенттің көреген саясатын дәлелдеп шықты деп ойлаймын.  Болашақта бұл Жолдаудан туындайтын міндеттер жүзеге асырылып, қазақ елінің экономикасында, мәдениетінде, ауыл шаруашылығында, жалпы саяси жүйесінде өрлеу мен өркендеу болатынына нық сенім артамын.

Қаншагүл Мұстафаева,
Жалағаш аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі
03 қыркүйек 2021 ж. 390 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930