Харассмент және жеке шекара
Сіз харассмент деген сөзді бұрын-соңды естімегенсіз. Сондықтан мұның маған қатысы жоқ деп ойлауыңыз мүмкін. Шындығында бейтаныс жанның жанап өткенін, жан-дүниеңізді алай-дүлей етіп намысқа тигізіп айтқан сөздерін ұнатпайсыз. Демек осы уақытқа дейін харассментке ұшырап жүргеніңізді түсінбей жүргенсіз.
Balbal.kz мотивациялық сайты «АяЛайық» жобасының аясында харассмент несімен қаһарлы екенін, онымен қалай күресу қажеттігін тарқатып айтады.
Бұл оқиға басымнан 3 жыл бұрын өтті. 7 наурыз күні әріптестеріміз көңілді кеш сыйлады. Түнгі бірде көшеден такси ұстамай Индрайвер шақырдым. Өйткені солай қауіпсіздеу болады деп ойладым. Үйге жақындай бергенде таксист жеке басыма қатысты ыңғайсыз сұрақтар қоя бастады.
Көліктен атып шығайын десем, есігі бұғаттаулы. «Есікті ашыңызшы, мен кетемін» дедім. Бірақ жыламадым. Есік ашылған бетте үйге қарай жүгірдім.
Balbal.kz мотивациялық сайты «АяЛайық» жобасының аясында харассмент несімен қаһарлы екенін, онымен қалай күресу қажеттігін тарқатып айтады.
«Қалай ләззат алуды білесің бе?»
Арайлым Кәрімқызы:Бұл оқиға басымнан 3 жыл бұрын өтті. 7 наурыз күні әріптестеріміз көңілді кеш сыйлады. Түнгі бірде көшеден такси ұстамай Индрайвер шақырдым. Өйткені солай қауіпсіздеу болады деп ойладым. Үйге жақындай бергенде таксист жеке басыма қатысты ыңғайсыз сұрақтар қоя бастады.
Сосын «Қалай ләззат алуды білесіз бе? Ләззатты қалай алу керегін саған көрсетейін. Сен осы жерде қал» деп шошытты.
Көліктен атып шығайын десем, есігі бұғаттаулы. «Есікті ашыңызшы, мен кетемін» дедім. Бірақ жыламадым. Есік ашылған бетте үйге қарай жүгірдім.
Харассменттің 6 түрі
2019 жылы NORC ұйымы 1182 әйел арасында сауалнама жүргізді.Олардың 81%-ы өмірінде бір рет болсын сексуалды зомбылықтың бір түріне ұшырағанын мойындады.
Ұйым сексуалдық зомбылық яғни харассментті 6 түрге жіктеген.
1182 әйелдің 23%-ы сексуалдық шабуылға ұшыраса, 30%-ы эксгибиционизм құрбаны болған. Эскгибиционизм дегеніміз – жыныстық мүшелерді көрсетіп біреуді шошыту. Ал 27%-дың ізіне біреу түссе, 40%-ына виртуалды түрде кибер харассмент жасалған. 49% бейтаныс жанның жанасуынан жиіркенсе, 76% -ы вербалды яғни сөз харассментінен зардап шеккен.
Сөзбен тиісу неге харассмент болып саналады?
Аяжан Ойрат, халықаралық заңгер:Қазақ тілінде қазір харассменттің нақты аудармасы жоқ. Жыныстық бопсалау, адам бопсалау, жыныстық қысым деп жатады. Харассмент дегеніміз – ең алдымен адамға физикалық тұрғыдан тиісу. Бұл бас сипалау, қолын тигізу, аяғын ұстау болуы мүмкін. Мұның бәрі адамның қаламайтын әрекеттері.
Вербалды яғни сөзбен айтылатын әрекеттер де харассмент. Мысалы, бір адам екінші адамды төсекке жатуға шақырды делік. Болмаса комплимент айтты. Ол да харассмент болуы мүмкін.Түсіндірейін. Бір қыз әдемі аксессуар тағып келді. «Аксессуарың қандай әдемі» десе, бұл харассмент емес. Бірақ егер «бұл аксессуарды төсегімде көрсе ғой» деген сөзді естісе, бұл харассмент. Демек адам қай комплимент, сөз харассмент екенін не еместігін өзі іштей сезеді.
Кэтколиң – ол даладағы харассменттің бір түрі. «Қарындас, фигураң ат екен» деген сөз – харассменттің көрінісі.
Біздің қазақ тілі бай болғандықтан нақты мына сөздер харассмент болып саналады деп айту қиын. Сөздің мағынасы контекстке байланысты өзгеруіт мүмкін. Интонация да рөл ойнайды. «Әдемі қыз» дегенді әртүрлі қылып айтуға болады.
Ұялы мессенджер арқылы жіберілетін порнографиялық мәні бар суреттер мен видеолар да – харассмент. Тіпті эмоджи, гив, мем да харассменттің белгісі болуы мүмкін. Сондықтан контекстке қатты мәтін беру керек.
«SVET» қоғамдық қорының құрылтайшысы Мөлдір Албан «Харассментті зомбылық деп аударамыз. Шын мәнінде, оның аясы кең. Харассмент дегеніміз – тиісу, кемсіту, жеке өмірге қол сұғу және субординация сақтамай шеке шекараны бұзу» дейді.
Жеке шекара деген не? Оның харассментке қандай қатысы бар?
Жанна Сейтқалиева, психолог:
Жолда сізге «Әй, қарындас, неменеге көйлегіңді қысқартып ар жақ, бер жағыңды көрсетіп жүрсің?» деп айтты. Сіз жаман болып қалдыңыз. Жауап қата алмайсыз. Бір тобыр жігіт тұр. Сіз ұялып үндемей кетіп қалдыңыз. Бірақ эмоционалды түрде жеке шекараңыз бұзылды.
Автобусқа кірдіңіз. Біреу аяғыңыздағы сүйелді ауыртып басып жіберді. Сіз қайтадан үндемейсіз. Көнесіз. Бұл жерде физикалық тұрғыда жеке шекараңыз бұзылды.
Түпкі сана нөл мен алты жас аралығында қалыптасады. Әрбіріміздің ішімізде сыншы ата-ана отыр. Сол «үндеме», «аузыңды ашпа» деп отыр.
Кафеге даяшы болып орналасқан қызға жігіттер не бастығы тиісті делік. Мұндайда видеофиксация бар ма білу керек. Көптеген кафелерде видеокамера тұрады. Видео арқылы тиіскенін көрсетіп дәлелдеуге болады. Мұндайда видеоны алып кез келген қыз-келіншек полиция көмегіне жүгіне алады. Бұл жағдайда ол әлгі кісіні ұсақ бұзақылық, әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша жауапқа тарта алады. Ал егер дәлел болмаса, жағдай қиын. Онда куәгелерге бірге барып шағым жазуы тиіс.
123 бап бойынша адамды бопсалау туралы Қылмыстық кодексте бап бар. Бірақ дәлелдер жинау оңай болмайды. Бірінші орында видео, фото дәлелдер ұсыну керек. Сосын хаттардың скриншотын көрсетесіз.
Бастығыңыз «менімен бірге кешкі ас ішуің керек», «менімен барсаң, ақша беремін», «бармасаң, жұмыстан шығарамын» десе, бұл экономикалық мәжбүрлеуге жатады. Одан тыс былапыт сөздер айтып қорласа, психологиялық қысым жасаса, жаңағы бап бойынша жауапқа тартуға болады.
Ұсыныс білдірген кез келген еркектті жауапқа тарту керек деген оймен өмір сүрген дұрыс емес. Өйткені бұл адамның психикасын бұзады. Сіз енді ешкімге сенбейсіз. Бәрі харассмент жасайды, бәрі жаман деп ойласаңыз, дұрыс емес. Мұны дәлелдеу де мүмкін емес. Ал егер күрделі жағдайға тап болсаңыз, екі бап сізге көмектеседі.
Бұл жоба АҚШ даму агенттігі (USAID) арқылы америка халқының көмегімен «MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы» аясында дайындалды.
Жолда сізге «Әй, қарындас, неменеге көйлегіңді қысқартып ар жақ, бер жағыңды көрсетіп жүрсің?» деп айтты. Сіз жаман болып қалдыңыз. Жауап қата алмайсыз. Бір тобыр жігіт тұр. Сіз ұялып үндемей кетіп қалдыңыз. Бірақ эмоционалды түрде жеке шекараңыз бұзылды.
Автобусқа кірдіңіз. Біреу аяғыңыздағы сүйелді ауыртып басып жіберді. Сіз қайтадан үндемейсіз. Көнесіз. Бұл жерде физикалық тұрғыда жеке шекараңыз бұзылды.
Түпкі сана нөл мен алты жас аралығында қалыптасады. Әрбіріміздің ішімізде сыншы ата-ана отыр. Сол «үндеме», «аузыңды ашпа» деп отыр.
Сізге «Маған сіздің айтқан сөзіңіз ұнамады», «аяғымды ауырттыңыз» деп айту керек. Сүмірейіп, бишара болып кетпеу қажет. Негативті, агрессивті сезімді тұншықтырып кеткен соң келесі жолы да дәл сондай ер адамдарды түпкі санамен тарта бересіз.
Харассмент және заң
Аяжан Ойрат, халықаралық заңгер:Кафеге даяшы болып орналасқан қызға жігіттер не бастығы тиісті делік. Мұндайда видеофиксация бар ма білу керек. Көптеген кафелерде видеокамера тұрады. Видео арқылы тиіскенін көрсетіп дәлелдеуге болады. Мұндайда видеоны алып кез келген қыз-келіншек полиция көмегіне жүгіне алады. Бұл жағдайда ол әлгі кісіні ұсақ бұзақылық, әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша жауапқа тарта алады. Ал егер дәлел болмаса, жағдай қиын. Онда куәгелерге бірге барып шағым жазуы тиіс.
Егер бастығыңыз бопсаласа, бұл қайталанбалы харассмент. Ол жерде экономикалық, психологиялық тұрғыдан мәжбүрлеу болуы мүмкін. Бұл – қылмыс.
123 бап бойынша адамды бопсалау туралы Қылмыстық кодексте бап бар. Бірақ дәлелдер жинау оңай болмайды. Бірінші орында видео, фото дәлелдер ұсыну керек. Сосын хаттардың скриншотын көрсетесіз.
Бастығыңыз «менімен бірге кешкі ас ішуің керек», «менімен барсаң, ақша беремін», «бармасаң, жұмыстан шығарамын» десе, бұл экономикалық мәжбүрлеуге жатады. Одан тыс былапыт сөздер айтып қорласа, психологиялық қысым жасаса, жаңағы бап бойынша жауапқа тартуға болады.
«Менімен кешкі ас ішкің келе ме?» деп бастығыңыз сұрақ қойды. Сіз «жоқ» дедіңіз. Одан кейін ол бұл туралы әңгіме қозғамаса, сізге әрекет жасаудың қажеті жоқ. Себебі бұл харассмент емес.