» » МҰҒАЛІМДЕРДІ САНАҚ ЖҰМЫСТАРЫНА ТАРТҚАНДАР ЖАЗАЛАНАДЫ

МҰҒАЛІМДЕРДІ САНАҚ ЖҰМЫСТАРЫНА ТАРТҚАНДАР ЖАЗАЛАНАДЫ

Мұғалімдерді санақ жұмыстарына тартқандар тиісті жазасын алады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Үкіметте өткен онлайн баспасөз мәслихатында мектеп мұғалімдерін санақ жүргізуге жұмылдыруға қатысты шағымдар туралы сұрақ қойылды. Өз кезегінде А.Аймағамбетов санақ жүргізу мен басқа да мәселелер мұғалімге тән емес жұмыс болғаннан кейін, ондай тапсырма беруге ешкімнің құқығы жоқ екенін айтты. Сондықтан бұл мәселеге қатысты расталатын фактілер болса, онда заң жүзінде тиісті жазасы бар.

– «Педагогтар мәртебесі туралы» Заңға сәй­кес, тиісті айыппұл ескерілген. «Педагогтарды өзіне тиесілі емес жұмыстарға тартқаны үшін бі­раз ди­ректорлар жұмысынан босатылды, біраз әріп­­тес­терімізге тиісті шара қолдандық. Егер осын­­дай фактілер шын мәнінде болып, олар рас­та­лып, бізге тиісті ақпарат келсе, онда қатаң шара қолданылады», – деді ведомство басшысы.

28 қыркүйек 2021 ж. 222 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930