» » Халық санағы 2021: интервьюерлер үйлерді аралай бастады

Халық санағы 2021: интервьюерлер үйлерді аралай бастады

Бүгіннен бастап халық санағы дәстүрлі форматта өтеді.

Яғни интервьюерлер үй-үйді аралап, сауалнама жүргізеді. Бұл осыған дейін онлайн санақтан өте алмағандарға қатысты.

Оффлайн форматтағы санақ 30-шы қазанға дейін жалғасады. Бұл жұмысқа 20 мыңнан астам қызметкер жұмылдырылды. Олардың барлығы ковидке қарсы вакцина алған. Әрқайсысы арнайы планшеттермен қамтылған. Алынған барлық ақпарат Ұлттық статистика бюросының орталық серверіне жіберіледі. Қызметкерлер, азаматтардың жеке дерегін жария етпеуге міндетті. Олар көк орауыш тағып, санақ символы бар портфел ұстап жүреді. Сонымен қатар, әрқайсысында тіркеу нөмірі бар арнайы куәлік болуы тиіс. Оның түпнұсқалығын Sanaq.gov.kz сайтынан тексеруге болады.

Айта кету керек, 1-30  қыркүйек аралығында санақ онлай жүргізіліп одан 6 миллионнан астам адам өтті.
01 қазан 2021 ж. 780 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 478

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031