» » 12 мыңнан астам қызылордалықтың тыйым салынған 580 топқа жазылғандығы анықталды

12 мыңнан астам қызылордалықтың тыйым салынған 580 топқа жазылғандығы анықталды


15 қараша мен 15 желтоқсан аралығында облыс көлемінде «Online: Таңда! Сақтан!» бір атты интернет-акция өтуде. Себебі, облыстық дін істері басқармасының интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерге тұрақты түрде жүргізілген мониторингі нәтижесінде бір ғана «Вконтакте» әлеуметтік желісінде 12 740 қызылордалықтың тыйым салынған, күмәнді 580 қоғамдастыққа, топқа жазылғандығы анықталды. Күмәнді діни топқа жазылушылардың 895-і, яғни 7 %-ы кәмелеттік жасқа толмаған 18-ге дейінгі азаматтар болуы көңіл алаңдатады дейді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық дін істері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов.

«ВКонтакте» интернеттегі ең ірі, әрі танымал әлеуметтік желілердің бірі. Бүгінгі таңда жастар үшін «Вконтакте» әлеуметтік желісі виртуалды өмірдегі бағдарламалардың ішіндегі ең қауіптісі болуда. Бұл әлеуметтік желіні «жастардың екінші үйі» деп есептейтін тұжырымдар да бар. Әлеуметтік желілерге мониторинг жасаушылар мынадай қауіпті үрдісті анықтауда: олардың басым көпшілігі деструктивті, тіпті радикалды материалдардан тұрады, экстремистік материалдарға сілтемелер таратады, сондай-ақ дін тақырыбында тексерілмеген, жалған ақпараттан тұрады, – деді Қуаныш Қуантқанұлы.

Азаматтардың жеке қауіпсіздігі үшін және діни қызмет саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қызылорда облысының дін істері басқармасы барлық азаматтарға, қызылордалықтарға әлеуметтік желілердегі күмәнді діни қоғамдастықтардан бас тартуды, шығуды ұсынады.

Қызылорда облысы бойынша Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс қимыл басқармасының жедел уәкілі Данияр Туляповтың айтуынша, заң бұзушыға айыппұл түрінде тиісті әкімшілік жазалар көзделген.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 490-бабы 1-бөлігінің 3-тармағына сәйкес діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелгені, әзірлегені, шығарғаны, басып шығарғаны және таратқаны үшін жеке тұлғаларға 50, заңды тұлғаларға 200 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салынады. 490-баптың 3-бөлігіне сәйкес миссионерлiк қызметтi тіркеусіз жүзеге асыру, сол сияқты миссионерлердің дінтану сараптамасының оң қорытындысы жоқ діни әдебиетті, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды және діни мақсаттағы заттарды пайдаланғаны, ҚР-да тіркелмеген діни бірлестіктердің діни ілімді таратқан үшін ҚР азаматтарына 100 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып, 100 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салынады.

Айта кету керек, бүгінде «Вконтакте» әлеуметтік желісінде күмәнді діни топтарға жазылған желі қолданушыларын топтар қатарынан шығару үшін облыстық дін істері басқармасы, қалалық және аудандық ішкі саясат бөлімдері азаматтарға SMS-хабарламалар жолдауда, оларды тыйым салынған топтардан шығару бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізуде, күмәнді діни топтарға тіркелген 11 000 желі қолданушының парақшаларына мониторинг жасалуда.
15 қараша 2021 ж. 268 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930