» » Мидың жұмысын жақсарту қауіпті аурулардан сақтайды

Мидың жұмысын жақсарту қауіпті аурулардан сақтайды

Ми жұмысының жақсаруы инсульт пен инфаркт алудан сақтайды. Әсіресе ми тамырларын тазалау арқылы осындай адам өміріне аса қауіпті аурулардың алдын ала аламыз. Барлық аурудың алдын алуда және ағзалардың ауруға шалдығу мүмкіндігін төмендетуге ғалымдардың да жұмысының маңызы зор. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейтін» адам осы ғалымдардың зерттеулеріне назар салып жүретіні анық.

Мәселен, адамның басындағы ми тамырлары шлакқа толған болса, онда үнемі бас айналу, есте сақтау қабілетінің нашарлауы, бас ауруы, ұйқысыздыққа тап болу, ашуланшақтық, қан қысымының көтерілуі, есту, көру қабілетінің төмендеуі сияқты белгілер мазалай бастайды. Егер осы белгілерді байқасаңыз, дереу ми тамырларын тазалауды бастаңыз. Тазалану арқылы көптеген дерттің алдын аласыз. Ми тамырларын тазалауды әдетіңізге айналдырсаңыз, онда басыңыз, ойлау жүйеңіз, жүйкеңіз, миыңыз тамаша жұмыс істеп, барлық ауыртпалықтан айығады.

Жалпы ғаламторда ми тамырларын тазалаудың бірнеше әдісі кеңінен тарқатылыпты. Бірінші әдісін бал мен жаңғақты пайдалану арқылы жасауға болады. 5 дана грек жаңғағын жақсылап ұнтақтайсыз. Үгіндіге 1 ас қасық табиғи жөке балы мен шым-шым даршын араластырып, тоңазытқышқа салып қоясыз. Шамамен 24 сағаттан соң дайын болған емдік қоспаны 1 ас қасықтан жейсіз. Емді тамақтанудан 30 минут бұрын жүргізу керек екен. Екінші әдісте де балды пайдаланады. Бірақ бұл жолы жаңғақтың орнына пияз қажет болады. Ол үшін 1/3 стақан пияз шырынына 1 стақан табиғи таза бал араластыру керек. Бұл емдік қоспаны 1 шай қасықтан күніне 3 рет қабылдайды. Емді тамақтанудан жарты сағат бұрын жүргізу керек. Аталған тұнба ми тамырларын тазалап қана қоймайды, сонымен қатар иммунитетті көтереді. Үшінші әдісінде түскі және кешкі тамақтан 30 минут бұрын жарты стақан анар шырынын ішуге болады. Ем үшін анар, алма және сәбіз шырындары керек. Күн сайын осы тұнбаны кезектестіріп күніне 2 рет ішіп жүрген дұрыс. Негізі бұл тұнбаны әркім үй жағдайында өзі дайындап алғанын тиімді көреді зерттеушілер. Өйткені дүкенде сатылатын өнімнің құрамында басқа да қоспалар кездесуі мүмкін. Ал бұл өз кезегінде сіздің денсаулығыңызға, әсіресе ағзаңыздың басқа бөлігіне кері әсерін беруі ықтимал.

Сонымен бірге ми тазалауда мына әдісті де қолдануға болады. Бұл әдісте 10 грамм кептірілген түймежапырақ тамырын термосқа салып, оның үстіне 200 грамм қайнаған су құйып, шамамен 8-10 сағаттай қойып аласыз. Дайын болған тұнбаны сүзіп алып, салқын жерге қойыңыз. Емдік қасиеті мол тұнбаны 4 ас қасықтан таңғы астың алдында ішесіз. Бұл емді бір айға дейін жүргізуге болады екен.
Ал соңғы әдісте пайдалы азықтар қолданылады. Ол үшін таңғы астан 30 минут бұрын мына азықтарды жеуге әдеттеніңіз. Олардың қатарында 1 дана мандарин, 1 уыс мейіз бен грек жаңғағы және 1 стақан су. Суды мандарин мен жаңғақты жеп болған соң шамамен 15-20 минуттан кейін ішу керек. Егер суға 1 шай қасық бал мен 1 тілім лимон араластырып ішсеңіз, онда емдік қасиеті еселеп артады. Нәтижесінде ағза мен терінің саулығы артып, жалпы жағдай жақсарады. Иммунитет нығайып, жүйке тынығып, ми жасарады. Бір сөзбен айтқанда, ұйқыға кетіп жатқан миды сергек қалпында ұстап тұруға көмектеседі. Денсаулық басты байлық демекші, әркім өз ағзасының сау болуына жауапты. Тек салғырттықты серік етпей, қажет кезінде керекті дәрумендерді қабылдап жүрген жөн. Сонда ауру сізді айналып өтпек.

Дайындаған Нұр НАУАН
16 қараша 2021 ж. 185 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930