2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелінген көлік құралдарын тіркеу жүзеге асырылады

Қосымша ақпаратты Қызылорда облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының Call – орталығынан (тел: 8-7242-29-73-52) алуға болады.
Армения Республикасынан әкелінген көлік құралдарын Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 615, 553-баптарында белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеу үшін алым мен мемлекеттік баждар төлей отырып, басқару органдары сол жақта орналасқан, Армения Республикасының уәкілетті органдарында Қазақстан Республикасының азаматтарына тіркелген және Қазақстан Республикасына 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелінген көлік құралдарын тіркеу жүзеге асырылады.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі