Құрма – дәруменге бай жеміс
Бұл жеміс көбіне Рамазан айында дастарханымыздан табылып жатады. Ал бүгінде ғалымдар дәруменге бай бұл жемісті жиі тұтынуға кеңес беріп отыр.
Көптеген халықтарда құрма қасиетті тағам саналады. Бұл жемістің екі-үш данасының өзі ағзаға өте пайдалы. Күніне 3 құрма жеп қана ағзаны қажетті микроэлементтермен қамтамасыз етуге болады. Дәрігерлер тіпті тәтті әрі зиянды кәмпиттерді құрмамен алмастыруға кеңес береді. Ал ғалымдар құрманы 2-3 жыл аштықта талғажау етуге болатынын дәлелдеп отыр. Бұл жемістің осы және өзге де пайдасы туралы айта кеткенді жөн көріп отырмыз.

- Құрма – адамның асқа деген тәбетін жақсартып, жұмысқа деген қабілетін жақсартады.
- Фруктоза мен глюкозаға бай бұл жеміс жүйкені тыныштандырып, ұйқыны қалыпқа түсіреді.
- Ғалымдардың зерттеуі бойынша, құрманы көп жейтін адамдарда өкпедегі қатерлі дертпен ауру кемде-кем кездеседі екен.
- Құрма құрамындағы магний бүйрекке тас жиналмаудың алдын алады. Сондай-ақ ағзадағы тұзды шығаруға көмектеседі.
- Мәйегін жарақат алғанда немесе күйген жерге жақса, тез жазылады.
- Дәрігерлер құрма жемісін тіс жиегі жиі қанайтын жандар мен туберкулез дертіне шалдыққанда көбірек жеуге кеңес береді.
- Құрма – иодқа да бай. Қалқанша безінің қабынуымен ауырғанда бұл жемісті жеу-дертке дауа болады.
- Қаныңыз аз болса, бұл жемістің өзінен немесе жапырағынан шай жасап ішуіңізге болады.
- Құрма құрамындағы маносахрид жүрек бұлшықеттеріне пайдалы.
- Құрма құрамындағы «А» және «С» дәрумені иммунитетті көтеріп, суықтаудың алдын алады.