» » Ас мәзірі мен маңдайшалар қазақша болуы керек: Президент жаңа заңға қол қойды

Ас мәзірі мен маңдайшалар қазақша болуы керек: Президент жаңа заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Құжат барлық маңдайшаларды, жарнамаларды, баға белгілерін, мәзірлерді, жол белгілерін және басқа да объектілерді міндетті түрде қазақ тілінде, ал қажет болған жағдайда басқа тілдерде, атап айтқанда, орыс және ағылшын тілдерінде ақпаратты алып жүруге міндеттейді.

Сонымен қатар, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске барлық мәтіндерді, нұсқаулықтарды, таңбалауды, стикерлерді, дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды баспахана стандарттарына сәйкес түпнұсқалығын көрсету бөлігінде толықтыру енгізілуде.

Бұл заң жобасының тақырыбы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деп өзгертілді. Бұл діни саладағы заңнаманы жетілдіруді көздейтін жаңа нормаларға байланысты.
10 қаңтар 2022 ж. 223 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 675

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31