» » Қызылордада коменданттық уақытта көшеде жүрген 47 азамат ұсталды

Қызылордада коменданттық уақытта көшеде жүрген 47 азамат ұсталды

Қызылордалық полицейлер коменданттық уақытта тұрғылықты мекен-жайдан тыс жерде жүрген 47 азаматты анықтады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі ахуалға байланысты 2022 жылдың 5-19 қаңтар аралығында барлық облыста Төтенше жағдай режимін жариялады. Бұйрыққа сәйкес Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жеке құрам қызметкерлері қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында іс-шаралар ұйымдастыруда.

Облыс көлемінде енгізілген коменданттық уақыт кезінде, яғни түнгі сағат 23:00 мен таңғы сағат 07:00 аралығында мемлекеттiк орган белгiлеген режимдi бұзып, тұрғылықты мекенжайдан тыс жерде жүрген Қызылорда қаласының 47 азаматы анықталды.

Аталған жайттарға байланысты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы (Төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама рәсімделді.
18 қаңтар 2022 ж. 144 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 051

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30