17 жасқа дейінгі балалар қандай жағдайда Қазақстан бойынша тегін ұша алады

Тиісті заң жобасы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Мұндай шара ішкі туризмді дамыту мақсатында жасалып отыр.
"Бекітілген ережеге сәйкес, ішкі туризм аясында қызмет атқаратын, туроператордан алынған, туристік өнімнің құрамына кіретін кәмілеттік жасқа толмаған балалардың әуе билеттері субсидияланады", - деп хабарланды мәдениет және спорт министрлігінен.
Ведомство мәліметіне сәйкес, бүгінге дейін туроператорлардан субсидияға өтініш түспеген.