» » Үй жалдауға субсидия алғысы келетіндердің несие тарихы тексерілмейді

Үй жалдауға субсидия алғысы келетіндердің несие тарихы тексерілмейді

 Тұрғын үй жалдау субсидиясын алуға өтініш берушілердің несие тарихы тексерілмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өтініш берушілерге төлем қабілетін растау керек. «Баспана маркет» порталына өтінім бергеннен кейін төлем қабілетін банк автоматты түрде есептейді. Яғни, дереккқорлардан бүкіл ақпарат алынады. Оның ішінде сіздің айлығыңыз, барлық төлемдеріңіз, еңбек демалысының өтемақысы болса, соның бәрі кіреді. Кәсіпкер ретінде тіркелген болсаңыз, кәсіпкерлік табысыңыз кіреді. Сол отбасы алатын зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер де төлем қабілеті ретінде есепке алынады. Осы табыстың бәрін жан басына шағып, 6 айдың ішіндегі табысын есептейді», – деді «Отбасы банк» акционерлік қоғамы орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай.

Директордың айтуынша, тұрғын үй жалдау субсидиясын алғысы келетін отбасының несие тарихы қаралмайды.

Айта кетейік, тұрғын үй жалдау субсидиясын төлеу ережелерін мамыр айында бекітіп, іске қосу жоспарланған. Қазір ереженің жобасы талқыланып жатыр.
04 ақпан 2022 ж. 268 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 025

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30