» » "Қазақстан халқына" қоры 26 науқастың еміне тоғыз миллиард теңге бөлген

"Қазақстан халқына" қоры 26 науқастың еміне тоғыз миллиард теңге бөлген

"Қазақстан халқына" қоры төрағасының орынбасары Ләззат Чингисбаева қазірге дейін қор қанша адамға көмек көрсетуге қаржы бөлгенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


"Бірінші кезеңде сирек кездесетін ауруларға көмек көрсетуден бастадық. Ондай науқастар бұрын Қазақстанда ақша жинап, шетелде ем алатын. Енді соны Қазақстанда емдеу мәселесін жолға қойып жатырмыз. Клиника табу керек, дәрігерлер оған дайын болуы керек, оның хаттамасына сәйкес келуі керек. Жалпы 24 бала және 2 ересек адамға 9 миллиард теңге көлемінде көмек көрсетіледі деген шешім қабылданды. Келісімшарт жасалып жатыр", - деді төраға орынбасары.

Оның айтуынша, логистика жағынан "Фармация" СК көмек көрсетеді. Медициналық препараттар тікелей зауыттан келуі үшін келісім жасалып жатыр. Одан бөлек қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қайтыс болған азаматтардың отбасына да көмек көрсетіледі. Алайда оқиғаларға қатысты тексеру толық аяқталған соң нақты қанша адамға көмек көрсетілетіні хабарланады.

Бұған дейін "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан күш құрылымдары қызметкерлері мен бейбіт тұрғындардың отбасыларына 7 миллион теңгеден аударатынын хабарланды.

Ал ауыр жарақат алған әскери қызметшілерге, ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлеріне, сондай-ақ жараланған балалардың отбасына 3 миллион теңгеден бөлінеді.

Сондай-ақ қор тәртіпсіздіктер кезінде кездейсоқ қайтыс болған адамдардың туыстарына көмек көрсетеді.


stan.kz



28 ақпан 2022 ж. 183 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930