» » Украинадағы қазақстандықтарды алып келуге төртінші ұшақ жіберілді

Украинадағы қазақстандықтарды алып келуге төртінші ұшақ жіберілді

Украинадан қазақстандықтарды эвакуациялау үшін төртінші ұшақ жолға шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, төртінші репатриациялық рейс Атырау әуежайынан Польшаның Катовице қаласына Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 16:02-де ұшып шықты. Ұшақ Катовицеге сол жердің уақыты бойынша 16:26-де жетеді.

Айта кетері, бұған дейін 28 ақпанда Украинадағы қазақстандықтардың алғашқы легі жеткізілді. Алғашқы рейспен 169 ересек, 6 бала елге оралды.

1 наурызда Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар мінген екінші рейс Нұр-Сұлтанға жетті. Ол рейспен 120 ересек және 4 бала елге оралды.

Үшінші рейс 4 наурызда орындалды. Бортта 131 адам болды, оның 20-сы бала.

11 наурыз 2022 ж. 220 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 027

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30