» » Қызылорда облысының тұрақтандыру қорында 1259 тонна өнім бар

Қызылорда облысының тұрақтандыру қорында 1259 тонна өнім бар


Қызылорда өңірінде азық-түлік өнімдеріне деген тапшылық жоқ. Бүгінде аймақтағы тұрақтандыру қорында 253,3 млн.теңгені құрайтын 1259 тонна өнім бар. Сонымен қатар 4328,1 тонна ұн, 272 тонна қарақұмық жармасы, 500 тонна күнбағыс майы, 5,7 тонна сүт жеткізілуде. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Айналым схемасы» бойынша 22 келісім-шарт негізінде кәсіпкерлік субъектілеріне 1 163 млн.теңге заем берілді. Осы заем алған кәсіпкерлер 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімі мен тұрақтандыру қорындағы өнімдерді Қызылорда қаласында орналасқан 36 әлеуметтік дүкенде және қосымша 14 ірі супермаркеттегі әлеуметтік бұрыштарда нарықтан төмен бағада сатылуда.

Мұнан бөлек өңірді әлеуметтік нанмен қамтамасыз ету мақсатында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және Қызылорда облысының әкімдігі арасында арзандатылған бидай алуға меморандумға қол қойылып, бүгінгі күнге астық сақтау қоймаларынан ұн өндіруші кәсіпорынына ақпан айынан 1949,6 тонна астық тасымалдануда. Алғашқы 5 вагон босатылып жеткізілу үстінде.

Қант қорына қатысты да алаңдаушылық жоқ. Өңірде 334,2 тонна шамасында қант қоры бар. Оның ішінде, сауда үйлерінде 106,6 тонна болса, тұрақтандыру қорында 100 тонна қант қоры тіркелген. Тұрақтандыру қорындағы қант өнімі 36 әлеуметтік дүкенде және ірі сауда орындарының әлеуметтік бұрыштарында 263 теңгеден сатылуда. Мұнан бөлек, тұрақтандыру қорының сауда әріптестерімен 125 тонна қантпен қамтамасыз ету жөнінде келісім-шарттар бойынша міндеттемелері бар.

Сондай-ақ, қосымша 136 тонна қант өнімін сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жыл соңына дейін «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ арқылы 3 314,8 тонна қант көлемін жеткізу көзделіп отыр.

Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап, аптасына бір рет «Байқоңыр» ӘКК» АҚ ұйымдастыруымен Қызылорда қаласы мен барлық аудандар бойынша тұрақтандыру қорының және оның қарыз алып отырған әріптестері арқылы 455,5 тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері «Көлік үстінен» төмен бағамен сатылып келді.
16 наурыз 2022 ж. 264 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 778

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031