МӘМС: Қызылордалықтар осы кезге дейін 30,4 млрд. теңге аударды
Қызылорда облысының тұрғындары Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 30,4 млрд. теңге аударды.
Жарна төлеу жағынан Қызылорда қаласы, Шиелі мен Жанақорған аудандар көш бастап тұр.
Жинақталған қаржы сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген Ұлттық банкте сақталады және МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалуда.
«Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен биылғы жылдың 1 сәуіріне дейінгі аралықта Қызылорда облысының тұрғындары әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 30,4 млрд. теңге аударды. Оның 19,8 млрд. теңгесі, яғни, 65,1 пайызы жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 10,6 млрд. теңге, 34,9 пайызы жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі», – дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.