» » Центркредит банкі Альфа-Банк Қазақстанды сатып алады

Центркредит банкі Альфа-Банк Қазақстанды сатып алады

ЦентрКредит Банкі 100% жай акцияларды сатып алу арқылы Альфа-Банк Қазақстанның жаңа акционері болады. Сондай-ақ "Альфа-Банк" АҚ акционерлер құрамынан толығымен шығып, өз өкілдерін директорлар кеңесінен шақырып алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


"Альфа-Банк" АҚ мен "Центркредит банкі" АҚ арасында "Альфа-Банк" Қазақстан АҚ-сын сату туралы келісімге келген.

Мәміле заңды түрде аяқталғаннан кейін ЦентрКредит Банкі банктің ребрендингін жүргізетін болады. Осылайша, бұл жеке және заңды тұлғаларға банктік қызметтердің толық спектрі бар қазақстандық банк болады.

ЦентрКредит Банкі салымшылар алдындағы барлық міндеттемелерді орындау үшін өз қаражаты есебінен банкке қосымша өтімділікпен қолдау көрсетуге дайын және бұл барлық клиенттер үшін ағымдағы жағдайды тез шешуіне септігін тигізеді.

Айта кетейік, "ЦентрКредит Банкі" АҚ 1988 жылы құрылған және заманауи технологияларды пайдалана отырып ыңғайлы банктік өнімдерге бағытталған әмбебап бизнес үлгісі бар Қазақстандағы алғашқы және ірі коммерциялық банктердің бірі. Банк кең филиалдық желілерге ие және Қазақстанның барлық аймақтарындағы 130-дан астам филиалдарында заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді.

21 сәуір 2022 ж. 150 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 719

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031