Өзіңді өлімге қию қиындықтан құтқармайды
Тұрмыс тапшылығы пенде баласын қажытады, титықтатады. Тауқымет тартқандардың көбі күреседі, жеңеді. Ал көп адамда ондай күрескерлік қайрат болмайды. Жүйкесі сымдай тартылып, төзімі таусылғанда морт сынады. Өз-өзін тастап жібереді. Көбі ішімдіктен жұбаныш табады, ал кейбірі өз-өзіне қол салып, өмірімен қош айтысып кете барады. Бірақ олар тұрмыстың азабын өзімен бірге арқалап кетпейді, артындағы жақын-жуығына, балаларына тастап кетеді. Әке-шешенің көрген тауқыметі балаларына көшеді. Ештеңе жеңілдемейді. Біздің қоғамда тағдырындағы қиындықтармен күресте сол "оңай" жолды таңдайтындар көбейіп барады.
Түсінеміз, адам темірден емес, ет пен сүйектен жаралған. Кейде тіршіліктен түңіледі, жолында үнемі көлденеңдеп жатып алған кедергілер мен қиыншылықтардан титықтайды. Бірақ Жаратушы адамға өмірді өлшеп бергенімен, оның бойындағы ерік-жігер, төзімге келгенде тарлық жасаған жоқ. Керісінше қуатың, шыдамың сарқылса, еселеп тұрады. Тек жүрегіңде жарқын болашаққа деген сенім оты сөнбесе болғаны. Алдағы күнінен жақсылық күткен және соған ұмтылған адам – иманды адам. Ал иманды адам өзінің де, өзгенің де өміріне қиянат қылмайды.
Былтыр үш баласын бірдей тоғызыншы қабаттың терезесінен лақтырып жіберіп, артынан өзі де секіріп мерт болған келіншек әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Алматы қаласында болған осы қайғылы оқиға елімізді ғана емес, жарты әлемді дүр сілкіндірді. Бір емес, үш перзентін бірдей өлімге қиған қатыгез әйелді тілдегендер де, дәлел, дәйек келтіріп, қорғағандар да болды. Мұсылмандық, тіпті өзіміздің қазақы түсінікке салсақ, өлген адамның соңынан жаман сөз айтылмайды. Десе де тағдыр тауқыметін қанша тартса да, әлі есі кірмеген бауыр еті үш баласына аяусыздық танытқан әйелдің әрекеті ақтауға келмесі анық. Аналық парызды айтпағанда, кез келген әйелдің жүрегіндегі аналық сезім, аналық махаббат деген құдіретті күш қандай қиындық кездессе де балаларын аман сақтап қалу үшін ақырғы деміне дейін жанталаса күресуге жетелемеуші ме еді?! Ал өмірдің тоқпағын көрдім деп және сол теперішті менен кейін балаларым да көрмесін деп, өзімен бірге үш перзентін бірдей азапты өлімге байлаған қандай құрбандық?..
Жақында Ішкі істер министрлігінің ғимараты жанында бір әйел өзіне от қойып жіберді. Абырой болғанда, айналасындағылар құтқарып қалды. Денесін күйік шалған әйел ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түсті. Бұл әйелдің өзіне қол жұмсаудағы мақсаты мүлде бөлек. Әлеуметтік желіне шарлап кеткен бұл оқиғаға қатысты жұрт сан алуан пікір білдірді.
Қазір халықты алдап, оңай жолмен ақша табатын алаяқтар көп. Әсіресе ондайлар әлеуметтік желілерде өте белсенді. Тәулік бойы қызылды-жасылды көпірме жарнамаларымен желі қолданушыларын арбап отырып, бір күнде жүздеген адамды тұзағына түсіреді. Өзін өртеген әйел де сондай алаяқтардың құрбаны болған. Қаржы пирамидасына салған ақшасын кері қайтарып ала алмай, заң орындарынан да әділет таба алмай әбден ашынған әйел сондай әрекетке барған. Тиісті орындар зардап шеккен әйелге қатысты "өз-өзіне қол салуға дейін жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Бұл жерде алаяқтарға алданған әйел және оның туған-туыстары істі жабуға тырысты деп полицияны кінәлайды. Дұрыс шығар, 20 миллион теңге ақшасын өз қолымен алаяқтардың қалтасына салып беріп, сан соғып қалу кімге болса да оңай тимейтінін түсінеміз.
Алайда қазір ақпарат көп. Сенімді сақтандыру компаниялары және көп. Соған қарамастан елімізде он мыңдаған адам қаржы пирамидаларына алданып, зар еңіреп жүр. Соны көріп-біліп отырып, әпенделік әрекет жасайтындарға таңғаласың. Әлде олардың әрекеті саусағының ұшын қимылдатпай-ақ оңай әдіспен, ашығын айтсақ, арам жолмен бір тиыннан екі тиын пайда көрсем деген тойымсыздық па?

Жарайды, адам қателеседі, қиыс басады. Бірақ қандай жағдай болса да мұсылман үшін аманат жанға қиянат жоқ. Алдыңғы буын басынан өткен қиыншылыққа төзбей өзін өртеп, құздан лақтыра берсе, артымыздан өсіп келе жатқан жас ұрпаққа мағыналы, мәнді өмір сүрудің қағидаларын үйретіп, сабыр, төзім жайында айтып қажеті де жоқ шығар.
Дүниеқоңыздық құмарлығы адамдық қамалын қиратып, бар мүлкінен, қаражатынан айырылып, заң орындарынан, құқық қорғаушылардан шарқ ұрып араша сұрап, ақыр соңында сол қателігінен туындаған қиындыққа өмірін құрбан етіп кете баратын бейбақтар жайында жиырма бірінші ғасырда не деп айтуға болады?
Дінімізде Алланың аманат жанына қиянат қылу үлкен күнә саналады. Ол адам тозаққа барады. Тіпті бұрындары ата-бабаларымыз өз-өзіне қол салғандарды көпшілік қорымға қоймай, бөлек жерлейтін болыпты. Ең ауыры, ондай өліммен өмірден өткендерге жаназа шықпаған. Адамды сондай жағдайға апаратын дүниәуи дерт – тойымсыздық, қанағатсыздық. Ендеше, көзі ашық, көкірегі ояу, қаржылық сауаттылықты меңгерген, одан бөлек күн сайын мешітке барып құмарлықты жеңіп, нәпсіні тыюдың жолдары, адал мен арам нәрсенің айырмасы жайында уағыз тыңдап жүрген қаракөздеріміз бір сәт ойлануы керек шығар...