Таңертең істеуге болмайтын 4 нәрсе
Күнді дұрыс бастамау көңіл күйіңізге және жалпы хал-жағдайыңызға жағымсыз әсер етіп, жұмысқа қабілеттілігіңізді төмендетуі мүмкін. Егер әрқашан өнімді болғыңыз келсе, қандай әрекеттерді әдетке айналдырмаған жөн?
Оятқышты кейінге қалдырмаңыз немесе бірден бірнеше оятқыш қоймаңыз
Таңертең хал-жағдайыңыз жақсы болуы үшін оятқыш дауысынан кейін бірден оянуды үйрену керек. Егер бірден оянбай, оятқышты кейінге, мысалы, тағы 5 минутқа қалдыра берсеңіз, нәтижесінде, ұйқылы күйде боласыз. Таңертең ояну оңай болуы үшін ұйқы гигиенасының ережелерін сақтау қажет: ұйықтар алдында тамақ жемеу, төсекте ұялы телефон қарап жатпау, түнде теледидар қарамау.

Оянған бойда қолға ұялы телефон алмаңыз
Бұл жағымсыз салдарлары көп зиянды әдеттердің бірі. Біріншіден, ол көп уақытты алады: әлеуметтік желілерді тексеру, хаттарды оқу, жаңалықтарды оқу бірнеше минутты алатындай көрінгенімен, оған біраз уақытыңыздың кеткенін байқамай қаласыз. Екіншіден, оянған бойда экранмен байланысу жүйке жүйесінің жағдайына нашар әсер етеді. Мұндай жағдайда нашар көңіл күй, мазасыздық және төмен өнімділік қаупі артады.
Оянған бойда төсектен бірден тұрмаңыз
Енді көзіңізді ашқан кезде ағза толықтай оянып үлгермейді. Оған бірқалыптылық керек, сергектік жағдайына ауысу асығыс болмауы керек. Ағзаға дұрыс тонус беру үшін және ашуланшақтықтың алдын алу үшін төсекте сәл жатып, созылып, тыныс алу гимнастикасын немесе жеңіл жаттығу жасау керек.
Аш қарынға кофе ішпеңіз және міндетті түрде таңғы ас ішіңіз
Міндетті түрде дұрыс әрі үйлесімді таңғы ас ішу керек. Бұл кезде гормондар өндірілетіндіктен, адам ұзаққа дейін тоқ жүреді. Сондықтан тамаққа тәбет азайып, артық салмақтан арыла аласыз. Семіздік — ұйқы кезіндегі апноэ синдромының дамуына ықпал ететін факторлардың бірі. Апноэ кезінде адамның ұйықтап жатқанда тыныс алуы тоқтайды және қандағы оттегі деңгейі азаяды. Ол инфаркт және инсульт секілді қиындықтардың даму қаупін арттырады.
Аш қарынға кофе ішу асқазан шырыштысын тітіркендіреді, сондықтан оны қарапайым сумен ауыстырған жөн. Кофені таңғы астан кейін ішкен дұрыс.