Нұрлыбек Нәлібаев ауызашар берді
Қасиетті Рамазан айының Қадір түнінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың атынан ауызашар берілді.
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітіндегі дәстүрлі дастарханға жамағатпен бірге имамдар, ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар, зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары жиналды. Облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов ауыз бекіткен жандарды Рамазан айымен құттықтап, аймақ басшысының лебізін жеткізді.
Сондай-ақ ауызашарда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев пен бас имам Болатбек Әбуов жиналған көпшілікті құттықтап, ұстаған оразаның қабыл болуына тілектестік білдірді. Жамағатқа оразаның пайдасы мен ұстау қағидалары жөнінде, берілетін садақа, қайырымдылық іс-шаралары туралы айтты.
«Қадірлі ағайын! Құрметті жамағат! Айлардың сұлтаны, ең қайырлысы Рамазан айы баршаңызға мүбәрак болсын! Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының жайған дастарханына қош келдіңіздер!
Күллі әлем мұсылмандары үшін айрықша орын алатын бұл ай исламның басты құндылықтары – жақсылық пен мейірімділікті, сауап пен имандылықты дәріптейді. Сондықтан әлемнің барша мұсылмандары бұл айға ерекше құрметпен қарап, Алла разылығы үшін ауыз бекітіп, пітір садақаларын таратып, жетім-жесірге қолдау көрсетіп, игі амалдарды еселеуге асығады.
Барлығыңыз білесіздер, Тәуелсіздік алғалы ата дәстүр жанданып, салт-сана жаңғыруда. Алдағы уақытта Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, дәстүрлі дініміздің ұрпақ тәрбиесінің өзегі болуы, жастардың ұлт құндылықтарын бойына сіңіруі, ғылым-білім игеруімен қатар тәрбиелі болуы – біздің міндет. Ең бастысы, бүгінгі бейбіт өмірді қадірлеп, Тәуелсіздік тұғырын берік ұстауымыз қажет. Қадірлі жерлестер, бұл ауызашар рәсімін рухани байлығымызды жандандыруға арналған іс-шара деп қабылдаңыздар. Барлықтарыңыздың ізгі ниет-тілектеріңіз қабыл болсын», – деді облыс әкімінің орынбасары.
Сондай-ақ ауызашарда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев пен бас имам Болатбек Әбуов жиналған көпшілікті құттықтап, ұстаған оразаның қабыл болуына тілектестік білдірді. Жамағатқа оразаның пайдасы мен ұстау қағидалары жөнінде, берілетін садақа, қайырымдылық іс-шаралары туралы айтты.