» » Қайрат Нұртас анасына ұқсаған балаларын көрсетті

Қайрат Нұртас анасына ұқсаған балаларын көрсетті

Бүгінде Қайрат Нұртастың өзі мен келіншегін былай қойып, жұлдызды жұптың балалары ел назарында! Наурыз айында қос бірдей астанамызда өткен отбасылық концерттен бері екі апта уақыт өткенімен, халық Қайраттың балаларымен әлі де танысып жатқандай, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

10 жыл бойы жеке өмірін құпияда ұстаған Қайрат Нұртас та енді отбасымен түскен суреттерін ашық жариялайтынын айтып, қуанған болатын.
“Енді күнде суретке түсіп, күнде мақтанамын”, – деген еді хитмен отандық арнаға берген сұхбатында. Әнші берген сөзінде тұрды. Осыдан бірнеше сағат бұрын ол анасына ұқсаған балаларының суретін жариялады.
Қайрат екінші ұлы Алау мен үшінші перзенті Нарұлдың Жұлдызға ұқсағанын айтады. Алайда желі оқырмандарының түгелі дерлік бұл пікірмен келіспеді. Көпшілік ортаншы қыздың анасынан қарағанда әжесі Гүлзира Айдарбековаға көбірек ұқсайтынын айтып жатты.
Жұрт бір ауыздан: “Ұлыңыз расымен Жұлдызға қатты ұқсайды екен, алайда қызыңыз әжесіне ұқсаған”, – деп пікір білдірді.
Естеріңізде болса, Гүлзира Айдарбекова дәл осы немересін сәби күнінен бауырына басқанын, оны “жеке меншік” немересі санайтынын айтқан еді.
stan.kz
05 сәуір 2018 ж. 3 278 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 710

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031