Әлемдік мұнай бағасы төмендеді
Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында жұма күні болған сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы төмендеді.
Сауда-саттық нәтижесінде Brent маркалы мұнайдың бағасы шілдедегі жеткізілімдер бойынша Лондонның ICE Futures биржасында 0,35 долларға кеміп, баррелі 77,12 доллар болған.
WTI маркілі мұнайдың маусым айындағы фьючерстерінің құны Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 0,66 долларға төмендеп, баррелі 70,70 долларды құрады.
http://www.syrboyi.kz