» » БҚО-да ауылдағы үйлердің бірінің ауласынан зеңбірек оғы табылды

БҚО-да ауылдағы үйлердің бірінің ауласынан зеңбірек оғы табылды

БҚО-да ауылдағы үйлердің бірінің ауласынан зеңбірек оғы табылдыБатыс Қазақстан облысында Новенький аулындағы үйлердің бірінің ауласынан зеңбірек оғына ұқсас зат табылды, деп хабарлайды ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Зеңбірек оғы 8 мамырда жеке меншік үйлердің бірінің ауласындағы жерді қазу барысында табылды.
«Арнайы шаралар барысында, табылған заттың азаматтық соғыс кезінде қолданылған артиллериялық зеңбірек оғы екені анықталды. Оның ұзындығы 25-30 сантиметр болса, диаметрі – 7-8 миллиметр», – делінеді ТЖК хабарламасында.
Екі сағаттан кейін саперлер зеңбірек оғын ауылдан 3 шақырым жерге апарып жарып жіберді.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен көз жұмғандар жоқ.
09 мамыр 2018 ж. 1 252 0