Балаңызға ойыншық сатып аларда ескерілетін жайттар
Түймедей батереялар электрон ойыншықтардың бәріне де қолданылады. Бір қарағанда ешқандай қауіп сезілмейтін сияқты. Кэмеронның ата-анасы да осылай деп ойлағаны үшін өкінетінін айтады. Желтоқсан айында Мариса Сато баласының аяқастынан ауырып отырғанын сезіп қалады. Балаға бірден жедел жәрдем шақырғанымен олар ештеңе де анықтай алмайды. Осы уақыт аралығында оның жағдайы тіпті қиындап, аузынан көбік аға бастайды. Бала ауруханаға жеткізіліп, рентген аппаратынан өткеннен кейін ғана жағдайы белгілі болады. Кэмерон ойнап жүріп жұтып қойған таблетка-батарея тамағына жабысып қалған. Оған көмек көрсетіліп тамағындағы батарея алып тасталса да, бәрі де кеш болатын. Батарея қызылөңешті тесіп жіберген еді. Екі ай емделгенімен Кэмерон өздігінен жүру, сөйлеу қабілетінен айрылып қалады. Бүгінгі күнде Кэмеронның жағдайы жақсарғанымен жасанды жүру аппаратынсыз қозғала алмайды. Баланың ата-анасы өздерінің басынан өткен жайтты басқаларға да сабақ болсын деп журналистерге айтып берді:
«Бұлай болатынын білгенде ешқашан баламызға батареялы ойыншықтар сатып алып бермейтін едік», – дейді Марсиа. Өкініштісі, Кэмеронға ұқсаған балалар өте көп. Мысалы, АҚШ-тың өзінде жыл сайын таблетка-батарея жұтып қойған 2,8 мың бала жедел жәрдем көмегіне жүгінеді. Олардың 10-20-сы қайтыс болып, жүзге тарта баланың денсаулығы елеулі түрде зиян шегеді. Ата-аналардың 66 пайызы батареялардан келетін қауіптен бейхабар. Денсаулықты сақтау министрлігіндегі тұтынушылар үшін құрылған комиссия батареяларды қауіпті заттар қатарына кіргізіп, қашықтан басқару құралдары, ойыншықтар, сағаттар, калькуляторлар, музыкалық құттықтаулар, цифрлық температура есептегіштері және аяқ киімдерде, т.б қолданатынын ескерткен. Балаңызға ойыншық сатып аларда қауіпсіздікті сіз де ескеріңіз құрметті – ата-ана.
Massaget.kz