Қызылордада робототехника фестивалі өтті «Robofest»-ке жасы 6-17 жас аралығында 100 жуық үміткер қатысты. Іс-шараны облыстық білім басқармасы «ҚазРоботикс» Федерациясының қолдауымен ұйымдастырып отыр.Жас техниктер 4 категория бойынша жарысты: сызық бойымен жарыс кегельринг – квадро, робосумо және робофутбол. Робосумо категориясынан бірінші орынды қазалылық оқушы Кемал Серік иеленді. Кегельринг-квадро жарысынан қызылордалық Бақытбек Жандаулет пен Сайлыбаев Асылхан жеңіс төрінен көрінсе, сызық бойымен жарыстан Іскендір Мағжан мен Абдуллаев Оралбек жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен (сандық құралдар мен оргтехникамен) марапатталды. Сондай-ақ, фестиваль аясында қатысушы мұғалімдерге арналған шеберлік сыныптар өткізіледі. Облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов фестивальге қатысушыларды марапаттап, аймақта ИТ-саласы мен цифрландыру бойынша барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын айтты. «Саланың маңыздылығын ескере отыра, біз 2017 жылдан бастап облыстағы 9 оқушылар үйінде робототехника үйірмелерін ашып, «3D зертханаларымен» жабдықтауды қолға алдық. Сондай-ақ, 25 инновациялық мектепте робототехника элективті курс ретінде еңгізілді. Елбасының биылғы халыққа Жолдауында қоғамның барлық салаларын цифрландыру, заманауи технологияларды ендіру жайында кеңінен айтылғаны белгілі. Біз жаңа ХХІ ғасырдың мұнайы – білім, ақпарат, санды технологиялар екенін жақсы түсінуге міндеттіміз!», - деді Р.Рүстемов. Айта кетейік, қазіргі таңда облыстағы 9 қосымша білім беру ұйымдарында 316 жас өрен роботехника үйірмесіне қатысып, тәлім алуда. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы желтоқсан айында HackDay 2017 алғашқы аймақтық фестивалі ұйымдастырылды, оған 137 команда қатысты. Қатысушылардың иедялары, тіпті, Алматыдан, Астанадан келген инвесторлар қызығушылық танытуда. Facebook Twitter Google+ Pinterest Vkontakte Telegramegemen.kz Қоғам 21 мамыр 2018 ж. 677 2
Пікір 2