Астана әуежайында жолаушылар ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетті
Астана халықаралық әуежайында Шымкент-Астана рейсі бойынша қонған жолаушылар ұшағы ұшып-қону жолағынан шығып кетті.
«Бүгін Астана әуежайында Шымкент-Астана рейсі бойынша қонған Эйр Астана әуекомпаниясының «Эйрбас-320» ұшағы ұшып-қону жолағынан шығып кетті. Қозғалтқышқа зақым келген. Ұшақтың арнайы жолақтан шығып кетуіне байланысты аэродром сағат 13:30-дан 14: 10-ға дейін жабылды», – делінген Азаматтық авиация комитетінің мәлімдемесінде.Ұшақ әуетұраққа сүйреп әкелінген екен. Қазіргі уақытта елордалық әуежай әдеттегі тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Компания 88 жолаушы мен экипаждың 9 мүшесі ешқандай жарақат алған жоқ деп хабарлады. Енді әуекомпания болған оқиғаға қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізуде.