Айдана Меденова қатерлі ісікке шалдыққан Алима Көпейдің еміне 1 миллион теңге аударды
Кореяда ем алып жатқан қазақстандық Алима Көпейдің тағдыры барша ел тұрғындарын алаңдатты. Тіпті, желіде анша-мұншаға мән бермейтін отандық жұлдыздар Алиманың еміне қаржы жинауға атсалысып, Рамазан айында жақсылық жасауға тырысуда, деп хабарлайды Stan.kzақпараттық агенттігі.
Мәселен, Айдана Меденова Алима Көпейдің еміне 1 миллион теңге аударды. Өнер иесі бұл қаржыны жинау үшін тыңдармандары арасында байқау ұйымдастырған.
“Алланың қалауымен, жоспарымызды іске асырдық. Атсалысқан барша жандарға рақмет. Біз мұны бірге жасадық”, – деп қуанышымен бөлісті Айдана.
Сондай-ақ, Меденова Кореяда жүрген кезінде ауруханаға арнайы атбасын бұрып, Алиманың жағдайын біліп қайтқан-ды.
http://stan.kz

Пікір 2