» » Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін

Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін


Қазгидромедтің хабарлауынша, бірқатар өңірде қатты жел соғады.

1 маусымда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады. Желдің күші түнде кей жерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлікте 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Ал, 2 маусымда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с. Сонымен қатар, кей жерде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ болуы мүмкін.
Қостанай облысының кей жерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батыска ауысады 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші түнде көптеген жерде 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерде 15-20 м/с күтіледі. Жаңбыр. Кей жерде найзағай, дауыл болады, бұршақ болуы мүмкін
Ал, Астанада маусымның 1-2 күндері оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. Найзағай, күндіз дауыл күтіледі, бұршақ болуы мүмкін.


http://stan.kz

01 маусым 2018 ж. 774 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930