» » ОҚО-да жаңа екі аудан пайда болады: Назарбаев жарлыққа қол қойды

ОҚО-да жаңа екі аудан пайда болады: Назарбаев жарлыққа қол қойды


ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы жарлыққа қой қойды, деп хабарлайды 
Вaq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Оңтүстік Қазақстан облысының құрамында мынадай:
1) Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Жетісай қаласында болатын Жетісай ауданы, әкімшілік орталығы Мырзакент кентінде болатын Мақтаарал ауданы;
2) Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Сарыағаш қаласында болатын Сарыағаш ауданы, әкімшілік орталығы Абай ауылында болатын Келес ауданы әкімшілік-аумақтық бірліктері құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
07 маусым 2018 ж. 1 217 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 841

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031