Қазақстандық азамат 5-10 теңге үшін құрт сатып жүрген әжейдің жағдайына наразылық білдірді (видео)
Қазақстандық Бақыткелді Ниязбеков елдегі олигархтар «халық есебінен семіріп, балқып-шалқып өмір сүріп жүргенде» шашыш ақ басқан зейнеткердің көшеде құрт сатып, сауда жасауға мәжбүр болып жүргеніне наразылық білдірді. Ол күн көру үшін көшеде сауда сатып отырған әжейді видеоға түсіріп, Фейзбук парақшасында жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Ер адам мешіттің жанында саудасын жүргізіп отырған әжейді видеоға түсіріп алған. Зейнеткер бір келі құртты 200 теңгеге сатып отыр екен. Көше саудасы егде жастағы әйелдің өмір сүрудің тіршілік көзіне айналған көрінеді. Көшеден өткен адамдар зейнеткерге ақша таптап, бірақ тауарын алмайды.
Видео авторын олигархтар «халық есебінен семіріп, жылы орында отырғанда» шашыш ақ басқан зейнеткердің көшеде сауда жасауға мәжбүр болып жүргеніне ашуландырды.
“Олигарх жолдастар егер оларда миллиардтаған ақша болса, қазақ әжелері 1 келі құртты 200 теңгеге сатып отырар меді. Неге сіздердің ата-аналарыңыз осылай отырып, құрт сатпайды. Сіздер неліктен халықтың есебінен семірулеріңіз керек? Мешіт маңында қайыр-садақа сұрап отырған әжелерді көру күн сайын жаныма батады. Мұндай жағдайға шынымен де ұялған болсаңындар, онда зейнетақысыны көтеру үшін өздеріңіге салынатын салықты көтеруді сұрайтын едіңіздер. Бірақ сіздер оны ешқашан жасамайтын шығарсыздар, себебі сіздерде жанашырлық сезімі жоқ. Мен біздің олигархтарымызға салынатын салықты 70% -ға дейін көтерулерін талап етемін”, – деді Бақыткелді Ниязбеков.
Зейнеткердің жағдайын көрген азамат әжейге көмек қолын созып, 3-4 мың теңге беріп еді, қарт ана “не үшін көп ақша бердің” деп, тегін ақша алудан ұялды. Әжей тіпті, зейнетақым тигенде қайтарып беремін, ең құрығанда құрттан ал деп, біреудің өз қалауымен берген ақшаның өзін әрең алды.
http://stan.kz

Пікір 2